Өлең, жыр, ақындар

Бақыт деген не екен?

Бақыт деген не екен?
Түсінгім келеді,
Күнделікті тіршілік бітпейді екен деме сен.
Таң бозарып атқанда,
Күн сәулесін шашқанда,
Бала- шағаң күлімдеп,
Таңмен бірге оянса.
Мұның өзі бір бақыт.

Таңмен таласып кетеді жұмысқа,
Аман - есен кешке келіп оралса,
Тату- тәтті өмір сүріп отбасында,
Немерелер келіп жатса ,құшағыңа кіріп жатса,
Бұның өзі бір бақыт.

Қым - қуыт мына заманда,
Уақыт жоққа қарама,
Қолдан келер көмекті ешкімнен де аяма.
Мейірім мен жан шуағы жетпейді - ау кейде адамға.
Жай сөзбен болсын қолдасаң,
Басар едің үлкен қадамға.
Бата мен алғыс алсаң, кенелесің қуанышқа.
Мұның өзі бір бақыт.

Біліп тұрсаң амандығын бауырдың,
Шаңырағы шайқалмаса ауылдың.
Туған - туыс тілеуіңді тілесе,
Бақыт деген осы емес пе?

Отаның алтын бесігің аман болса,
Тыныштық, молшылық заман болса,
Әлемді жайлаған ауру кетіп,
Жан дүниең де тыныштық болса,
Мұның өзі бір бақыт.

Бақыт деген сөздің аясы кең,
Осы жүргеннің өзі бақыт түсінсең.
Туған жердің тасы көкке өрмелеп,
Халқым аман , тыныш өмір сүрсең,
Үлкен бақыт осы дер едім мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз