Өлең, жыр, ақындар

Келін түсті тағы да бір әулетке

  • 04.08.2016
  • 0
  • 0
  • 10570
Шаттық болса - көңілдер тұрар көкте,
Ойлама тек жарды ұлға сыңар деп те.
Дос-жаранды сүйінтіп, міне, ағайын,
Келін түсті тағы да бір әулетке.

Жақсы күнді тағы сап ел есіне
Ару мінді бақыттың кемесіне.
Келін болған кеше оның анасы да,
Келін болып түсіп еді енесі де.

Бақ күнімен осылай ұғысқаны,
Ақ сезіммен пәк көңіл тыныстады.
Енді оған жарының жақындары
Боп келеді етене туыс - бәрі.

Тек осымен өмір от жағыларын,
Біледі ару содан бақ табыларын.
Қадірлейді сондықтан босағасын,
Қастерлейді өзі енген шаңырағын.

Бағалайды үлкеннің бата-нұрын,
Өзі де елдің сүйіп еді баталы ұлын.
Әлем қанша кең болсын, қадір тұтар
Қасиетін кішкене өз Отанының.

Ақ отаудың сол еді көркі, міне,
Түндігі де ашылсын кең түріле.
Келін түсті тағы да бір әулетке
Балалығын қалдырып төркініне.

Тілектестік білініп жанарынан,
Келін түсті деп елдің бәрі ағылған.
Елдік мүдде және үлкен ұлт мүддесі
Осы арудың басталады қадамынан.

Қарсы алады дос, жақын, жұртты күліп,
Демесін де өзге елден жұқты қылық.
Келін түсті елдіктің нышанындай,
Қойсын тәңір қадамын құтты қылып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

  • 0
  • 1

Көнбестен бодандықтың тұсауына,
Айналған азаттықтың нышанына.
Танытқан өрлігің мен елдігіңді,
Сыйғызып тыныштықты құшағыңа.

Толық

Түлектер қанат қақты

  • 0
  • 0

Үмітпен сенеді елі,
Арманы - жастығында.
Шат күлкі әуеледі
Тілектер тасқынында.

Толық

Қарындастың ағаға тілегі

  • 0
  • 7

Сенде бүгін қуаныш, сенде бүгін той бары
Көңілімнің алабын шаттық болып жайлады.
Сендегі бар қуаныш нөсер болып төгерін
Қарындас боп сезінді сырға лайық әлемім.

Толық

Қарап көріңіз