Өлең, жыр, ақындар

Уақыт жоқ деме сен


Жаз айлары өтіп жатыр зымырап,
Күзде жетті - ау зырылдап.
Күнделікті күйбеңмен,
Өтіп жатыр өмірде зуылдап.

Таң атады ,күн батады,
Уақыт та жылдамдады.
Жердің айналымы өте тез,
Деп білгіштер айтып жатады.

Өмір деген қас -қағым,
Ұмытпайық достарым.
Уақыт тауып бәріне,
Көңілденіп жүрейік әрдайым.

Жоқ деме уақытым сен,
Өтіп те ,кетерсің өмірден.
Бәрі де бір құдайға аян,
Не күтеді білмейміз ғой алдан.
Уақыт тап кездесуге әрқашан,
Қашпа сен адал достардан.







Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз