Өлең, жыр, ақындар

Түлектер қанат қақты

  • 13.06.2016
  • 0
  • 0
  • 3967
Үмітпен сенеді елі,
Арманы - жастығында.
Шат күлкі әуеледі
Тілектер тасқынында.

Құжатын қолға ұстады,
Мақсаты - сенімінде.
Шәкірттік болмыстары -
Ұстаздың көңілінде.

Сынақтан сүрінбеді,
Қала алды биігінде.
Балалық пейілдері - Ананың мейірінде.

Бәрі де жарасады,
Мақтаныш - жүрегінде.
Бақытты болашағы - Әкелер тілегінде.

Қиялы көз ілмеді,
Қимастық - жырларында.
Толқыған сезімдері - Вальстің ырғағында.

Өмірдің жаңа күні
Ұшырды - самғасын да.
Қоштасты балалығы
Мектептің ауласында.

Арманға қадам басты,
Келешек тосқан бәрін.
Басып тұр ең алғашқы
Үлкендік баспалдағын.

Бірге ұшты достар бәрі,
Күтеді алғашқы сын.
Жауапты басқандары
Өмірдің әр басқышын.

Келешек көктемінен
Табады олар бағын.
Тілеп тұр мектебі де
Кірпіш боп қаланғанын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тойын жасап бір әулет жатыр бүгін

  • 0
  • 0

Бөлеп нұрға әнімен айлы аспанды,
Шырқатып жұртқа бүгін тойбастарды.
Қуанышқа кенелген бір әулетте
Тағы да, міне, үлкен той басталды.

Толық

Әкесінің қызы

  • 0
  • 2

Тілейді әке ұлға да - ырыс, қызға - бақ,
Соны ойласа, талай кеуде сыздамақ.
Шаңырақтың иесі егер болса ұл,
Қыз - еркесі, қыз - өрісі, қыз - қонақ.

Толық

Төсінен ұшқан түлектің арманы биік болған жер

  • 0
  • 0

Елдің бір салты қашаннан -
Өнермен бағы жанған жер.
Төсінен ұшқан түлектің
Арманы биік болған жер.

Толық

Қарап көріңіз