Өлең, жыр, ақындар

Қарындастың ағаға тілегі

  • 18.03.2016
  • 0
  • 7
  • 148014
Аға!
Сенде бүгін қуаныш, сенде бүгін той бары
Көңілімнің алабын шаттық болып жайлады.
Сендегі бар қуаныш нөсер болып төгерін
Қарындас боп сезінді сырға лайық әлемім.

Қуанышты сендегі сондықтан да ұға алды,
Сондықтан да бұл көңіл шалқып айтты бір әнді.
Қуанғанда ағаның ерлерге тән жүрегі,
Қарындастың жүрегі ол да ән салды, қуанды.

Қуаныштың қалайша бүр жармасын көктемі,
Бауырмыз ғой біз, аға, бірге туған өйткені.
Сендегі бар қуаныш, сендегі бар шаттыққа
Ұшады, аға, сондықтан көңілімнің кептері.

Демес едім өзіңді көпшіліктің бірісің,
Таусылмасын сондықтан, ортаймасын ырысың!
Сен өйткені мендегі қарындастық әлемге
Қорған болар әулеттің ұжданды бір ұлысың.
Көз алдымда ірісің,
Көз алдымда ұлысың.

Ата-анаңа ұл болған сен де ерке сүйікті ең,
Өз ұлтыңның мінезін бойға асқақ жиып па ең.
Сондықтан да ұлысың дер ем сені өмірде,
Сол болмыспен, ендеше, көріне бер биіктен.

Ортаймасын ешқашан, түгел болсын жан-жағың,
Орындалсын мақсатың, орындалсын арманың!
Сен өзің де төмендеп ұшпағансың өмірде,
Қай істе де асқақтап шың, биікке самғадың.

Сондықтан да ата-анаң, елің саған сенеді,
Өзің болып қайталап ұлың өсіп келеді.
Жеңгенің де жүрегі саған ғана сенері,
Жолдастар да сені әр кез тұғырсыз ұл демеді.

Ұлыңның да жанары өзің сынды от болсын,
Шаңырағың аман боп, қайғы-мұңың жоқ болсын!
Сендегі бар қуаныш тарқамасын өмірде,
Сендегі бар шаттықтар ғұмырыңда көп болсын!

Дейді ұлдарды әрдайым елі мынау білекті ер,
Көп болсыншы өзіңе сенім артқан жүректер.
Сенде болған қуаныш, сенде болған шаттыққа
Бүгін мынау жиналған тағы да, аға, тілекші ел.



Пікірлер (7)

Айнара

Мен өзімнің ағама өлең жолын арнайын деп едім бірақ таба алмадым ағамның жақында туған күні еді сондықтан ерекше сезіммен өлең жолдарын арнағым келеді.

Дина

Менің ағам жақында үйленеді мен өлең оқиын деп едім бірақ таппадым Аға жеңге бақытты болыңыздар !

Маржан

Машаалллаһ Аллаһу акбар тура іздеген өдеңім алдымнан шыга келді каламыңыз ұштана берсін лəйім!

Адилова❤Фатима

Ағамның туған күніне жақсы өлең барма

Аружан

Фатима, ілмектерді басып іздеп көрсей

Бегасыл

Ағамның үйлену тойы еді соған жақсы өлең болса айтайын деп едім

Rauan

Ote keremet tilek

Пікір қалдырыңыз

Үмiт-көңiл

  • 0
  • 1

Қиял, шiркiн, самғай да алар ендi,
Мұңлы ой бiртiндеп санаға ендi.
Отыз асты, сонда да тұрмыс құру,
Баяғыша арман боп қала бердi.

Толық

Болмысы асқақ бабалар

  • 0
  • 0

Өтсе де ғасыр бір күннен асып бір күнің,
Басталған екен елдігің сонау жыл бұрын.
Ордаңды тіктеп, шаңырақ көтерген кезіңді
Санада сақтап, айшықтап жазған күн бүгін.

Толық

Жеңгенің қайын сіңлісіне тілегі

  • 0
  • 1

Ұқсап тұрып кейде сұлу гүлге анық,
Кейде өзіңмен сырласқандай мұңайдың.
Қарап жүр ғой біздің үйге ұрланып
Кіл бозбала дәті қалмай, Шырайлым.

Толық

Қарап көріңіз