Өлең, жыр, ақындар

Жөн


Жасыңда білім десе тоймасаң жөн,
Денеңді шынықтырып ойнасаң жөн.
Ержетсең елдің қамын ойласаң жөн,
Қартайсаң ақыл-кеңес қоймасаң жөн.

Ойыңа жаңа өріс ашқаның жөн,
Төрінен надандықтың қашқаның жөн.
Өнеге кейінгі ге шашқаның жөн,
Өнермен басқалардан асқаның жөн.

Əкеңнің басын əуіре етпесең жөн,
Шешеңді зарилетіп кетпксең жөн.
Үмітін аяқ асты етпесең жөн,
Жексұрын боп өмірден өтпесең жөн.

Төбең жетсе төркнді ұмтпасаң жөн,
Қулықпен момындарды ұтпасаң жөн.
Уағдалы айтқан сөзді ұмтпасаң жөн,
Қой алдырмай қораңды мықтасаң жөн.

Досыңның шын тілегін бергенің жөн,
Қасына тура жүрсе ергенің жөн.
Сəп-салып бəрін анық көргенің жөн,
Күдік болса араңды бөлгенің жөн.

Сəлемғып үлкендерге барғаның жөн,
Ықыласын қарядан алғаның жөн.
Қайырымды мүсəпірге болғаның жөн,
Қол үшін жоқ-жітікке бергенің жөн.

Аялап ата-анаңды баққаның жөн,
Теріңмен адал табыс тапқаның жөн.
Еліңе еңбегіңмен жаққаның жөн,
Жақсы атақ, ата-анаңа таққаның жөн.
Еліңе еңбегіңмен жаққаның жөн,
Сарқылмас бұлақ болып аққаның жөн.

Шығар жол ізде ыңғайлы,
Құлшынған еш тынбайды.
Болашақ нұрлы жол бұраң,
Соны мынау ымдайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кейбіреу

  • 1
  • 0

Кейбіреу майдан қылшық суырғандай,
Кейбіреу отқа тұзды қурғағандай.
Кейбіреу битке пышақ суырғандай,
Кейбіреу артынан ел шуырғандай.

Толық

Нағыз

  • 1
  • 0

Аттан сап жауға шапса бəрі батыр,
Жауына төндірген соң заман ақыр.
Еш уақыт досын жауға тастамайтын,
Шығады мыңнан біреу нағыз батыр.

Толық

Қайнары тасбұлақтың суалмайды

  • 2
  • 0

Басқа мал берекесіз құралмайды,
Бұранда шектен артық бұралмайды.
Қызыл шоқ жай қағазға оралмайды,
Дұние бір қалпында тұралмайды.

Толық

Қарап көріңіз