Өлең, жыр, ақындар

Кейбіреу

Кейбіреу майдан қылшық суырғандай,
Кейбіреу отқа тұзды қурғағандай.
Кейбіреу битке пышақ суырғандай,
Кейбіреу артынан ел шуырғандай.

Кейбіреу айбары бар арыстандай,
Кейбіреу аяққа бас алұшқандай.
Кейбіреу сағымменен жарысқандай,
Кейбіреу қайқай алмай қарысқандай.

Кейбіреу қаңсып жатқан құлан қақтай,
Кейбіреу басқа тебер келген бақты-ай.
Кейбіреу азап тартар ақыл таппай,
Кейбіреу оттай лаулар ешкім жақпай.

Кейбіреу көрінеді бауырмалдай,
Кейбіреу «ру» менен ауырғандай.
Кейбіреу бітеу жара жарылғандай,
Кейбіреу тікенінен арылғандай.

Кейбіреу құй-батпаққа малынғандай,
Кейбіреу тұнық нұрдан алынғандай.
Кейбіреу жоғы алдынан табылғандай,
Кейбіреу есебінен жаңылғандай.

Кейбіреу теңіменен табысқандай,
Кейбіреу құйысқанға жабысқандай.
Кейбіреу сақ болады сауысқандай,
Кейбіреу ақыл естен ауысқандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шын

  • 0
  • 0

Аңқыған еркесамал есері шын,
Үскірген ақ жорғанын жетелі шын.
Қаптаған қалың қардың кетері шын,
Көктемнің тамалжыған келері шын.

Толық

Ұқыпты болсаң өзіңе

  • 1
  • 0

Ұқыпты болсаң өзіңе,
Жетесің айтқан сөзіңе.
Ұқыпты болсаң сөзіңе,
Сенеді халық сөзіңе.

Толық

Қайнары тасбұлақтың суалмайды

  • 2
  • 0

Басқа мал берекесіз құралмайды,
Бұранда шектен артық бұралмайды.
Қызыл шоқ жай қағазға оралмайды,
Дұние бір қалпында тұралмайды.

Толық

Қарап көріңіз