Өлең, жыр, ақындар

Нағыз

Аттан сап жауға шапса бəрі батыр,
Жауына төндірген соң заман ақыр.
Еш уақыт досын жауға тастамайтын,
Шығады мыңнан біреу нағыз батыр.

Кеңеске ілінгеннің бəрі шешен,
Онда да жүргендер бар аман-есен.
Сөздері тарихпен бір жасаған,
Өлмеген ел аузында нағыз шешен.

Ғылымды игергенсоң бәрі ғалым,
Бұл өзі қай қоғамда болған мəлім.
Ойынан тың тапқырлық тапқырлайтын,
Солардың мыңнан бірі нағыз ғалым.

Бəйгеге қосылғанның бəрі жүйрік,
Бəрінің құйрық, жалын өріп, түйдік.
Көмбеден шыға салып қара үздіріп,
Жүлде алған топтан озып нағыз жүйрік.

Түлкі алғансоң атанар бүркіт қыран,
Белгісін білу қиын тілсім сырдан.
Баптамай қара жерден қасқыр алған,
Кезігер некен-саяқ нағыз қыран.

Баласы адамзаттың бəрі сұлу,
Жүзімен тарқата алмас бойға жылу.
Жігіттер іш пен сырты бірдей болса,
Атаңдар осындай жанды нағыз сұлу.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқыпты болсаң өзіңе

  • 1
  • 0

Ұқыпты болсаң өзіңе,
Жетесің айтқан сөзіңе.
Ұқыпты болсаң сөзіңе,
Сенеді халық сөзіңе.

Толық

Қайнары тасбұлақтың суалмайды

  • 2
  • 0

Басқа мал берекесіз құралмайды,
Бұранда шектен артық бұралмайды.
Қызыл шоқ жай қағазға оралмайды,
Дұние бір қалпында тұралмайды.

Толық

Адамның осы болар өлмегені

  • 1
  • 0

Шырағың маңдайдағы сөнбегені,
Қара жер бесігіне енбегені.
Бір басын қамсыз қылып жөндегені,
Емес ол адамдардың өлмегені.

Толық

Қарап көріңіз