Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр менен қозы

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1340
Ашығып қасқыр байғұс іздеп тамақ,
Қыдырып жер қоймады күн-түн сабап;
Далада бір хайуан кез келмеді,
Ауылға жуытпады иттер қамап.
Қыдырып тастамады елден елді,
Секіріп ор қояндай жалақ жерді,
Бұлаққа су ішуге келген ҚОЗЫНЫ.
Көрді де зәлім, кәпір сөйлей берді.
Ойлайды кінә қойып жейін деп мең
Сол тигеннен осыным болар деп жөн.
— Шақырған сені, ақмақ, кісі бар ма?
— Деп сөкті,— бұл араға неге келдің?
Әкеңді алдыңдағы танымайсың,
Басыңда ақылын; жоқ кішкентайсың
Әдейі шөлдеген соң келіп едім,
Суымды ішетұғын лайлайсың.
Жетіп едім ашығып, өліп-талып,
Ойыммен ішейін деп мейірім қанып.
Әдейі таза суды бүлдірдің-ау,
Арамдап әй, ақмақ, аузың, малып.
Сөзіңе құлақ қоймас болса жаман,
Жақындап бері келші маған таман,
Суымды әдейі келген бүлдіргенде,
Не қылсам болады рауа, қозы, саған.
— Әй, батыр сөгер болсаң жөнімен сөк,
Кісіге айыбы жоқ соқтықпа тек,
Сенен мен жүз қадамдай төмен тұрмын,
Айтасың қай араны лай болды деп,
Және аузым сенікінен арам емес,
Жоқ жерден шығарасың қалай кеңес,
Өзіңе мықтылығың, жайыңа жүр,
Батыр-ау, сезің маған керек емес.
— Аузыңнан қалай-қалай шығады отың,
Былтыр да осы арада боқтап кеттің,
Мінекей тағы былай етіп тұрсың,
Кетерлік болмады ғой сенің датың.
— Жоқ сөзбен тұрсын, батыр қинап мені,
Сөйлей бер тек езіңе болса жөні,
Былтыр бітіп анама биыл тудым,
Боқтаймын қай арада, Қақа, сені?
— Сен болмасаң бірге туған ағаң шығар,
Болмаса сені тапқан анаң шығар,
Егерде ол екеуі болса жаңылыс,
Әйтеуір сіздің тұқым, құдаң шығар.
Сені баққан қойшы мен иті дағы,
— Бәрің, маған жамандық ойлайсыңдар,
Иең де мен дегенде қояды қол,
Ашықтым, айтар сез жоқ, айыбың сол,
— Деді де қозыны алып кірді ағашқа,
Жауаптан жеңілген соң, жүдеген сор,
Жауыздар бұл секілді бізде де көп,
Жүрмейтін жайын біліп жөніне тек,
Біреуге залымдықпен назары ауса,
Келеді жоқ нәрсені кінә қылып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шымшық пен көгаршын

  • 0
  • 0

Тұзаққа түсті шымшық соры қайнап,
Шыға алмай талпынса да, көзі жайнап,
Бұлқынып уайымда жатқан жерде,
Кез болды жас көгаршын құдай айдап.

Толық

Құмырысқа менен шегіртке

  • 0
  • 0

Адам көп ойламайтын жан пайдасын,
Біреудің өзімсініп мал мен басын.
Ah ұрып ақырында мехнат көрер,
Кемітіп қатарынан ғазиз басын.

Толық

Жетім

  • 0
  • 0

Күн батып кеш болған соң жұлдыз шықты.
Далада сықырлаған аяз мықты.
Бір жетім жол үстінде келе жатып,
Қалтырап тоңды байғұс, қайғы мықты.

Толық

Қарап көріңіз