Өлең, жыр, ақындар

Шымшық пен көгаршын

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1467
Тұзаққа түсті шымшық соры қайнап,
Шыға алмай талпынса да, көзі жайнап,
Бұлқынып уайымда жатқан жерде,
Кез болды жас көгаршын құдай айдап.
Торғайды қапастағы көрді кезі,
— Ақмақ бұның не?— деп айтқан сөзі
Тұзаққа білмедің бе түсеріңді,
Құдайым неге берді екі көзді.
Талтүсте қалай түстің бұл тұзаққа,
Ем болмас айтқан сөзің ақымаққа,
Түспеске адамзаттың айласына,
Берер ем уағданы нансаң мықты.
Аузына түскен сөзбен жатыр сөгіп,
Шымшық та қозғалмады жатты бұғып,
Мысқылдап алла ісіне күлемін деп,
Біріне өзі дағы қалды ілігіп.
He іс болса да тағдырдан
Мысқыл етіп адамды күлмеңіз,
Алланың ісі намағлұм,
Жауыздың тіліне ермеңіз.
Мазақтың түбі ғазапты,
Ғазапты болып жүрмеңіз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түлкі менен жүзім жемісі

  • 0
  • 0

Ашығып түлкі байғұс бақа кірді,
Аралап жем таба алмай талай жерді,
Шынардың салбыраған жемістерін,
Жүзімін тұрған пісіп көзі көрді.

Толық

Шортан менен мысық

  • 0
  • 0

Қолыңнан келмес іске етпе талап,
Шықпассың оныменен іске жарап,
Мысалды ғибраттар толып жатыр,
Түсініп пайдаланса халық бірақ.

Толық

Құмырысқа менен шегіртке

  • 0
  • 0

Адам көп ойламайтын жан пайдасын,
Біреудің өзімсініп мал мен басын.
Ah ұрып ақырында мехнат көрер,
Кемітіп қатарынан ғазиз басын.

Толық

Қарап көріңіз