Өлең, жыр, ақындар

Құмырысқа менен шегіртке

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1325
Адам көп ойламайтын жан пайдасын,
Біреудің өзімсініп мал мен басын.
Ah ұрып ақырында мехнат көрер,
Кемітіп қатарынан ғазиз басын.
He қажет болса дағы ерте сақтан
Қор болмас жайын біліп, ізін баққан,
«Сақтықта қорлық жоқ» деген бір сөз
Қалыпты мақал болып көп уақыттан.
Өзіңнің қатарыңа көзің сүзбе,
Жақсының шарапатынан күдер үзбе.
Құмырсқа мен шегірткеден сөз басталды,
Құрбылар, құлағың сал айтқан сөзге.
Михнатсыз ешбір рахат көре алмассың,
Ол үйреніп көңіліңше,
Тек жүрме саулығыңда бейхабар боп,
Соңыра іздегенмен таба алмассың,
Бір алла не талапқа еткін жәрдем,
Айырмай ғылым көрген жақсылардан,
Секіріп күн-түн өлең соғып жүріп,
Шегіртке қыс жеткенін білмей қалған.
Суыққа тоңып байғұс кетті бүрісіп,
Қыс қамын ерте ойламай надан күшік,
Жазды күн кеңшілікте еткен сайран,
Көзіне көрінеді бір-бір ұшып.
Шілдеде әр орында мекен етіп,
Шөп түбі жапырақтар алған күтіп,
Кіруге жер таба алмай қалтырайды,
Бейшара тоңғаннан соң есі кетіп,
Жүруге секірмек түгіл шамасы жоқ,
Кіруге істеп алған панасы жоқ,
Іштен аштық, сырттан суық қысқан кезде,
Тоңғанмен қайтсын байғұс шарасы жоқ.
Қалтырап, тоңып, жүдеп есі кетті,
Көзінен мөлдіретіп жасын текті,
Қыс қамын мехнаттанып жаздай жеген
Аяңдап құмырсқаға әрең, жетті.
Жылайды келе сала құмырсқаға,
Суық болды, кіруге жоқ деп пана,
— Көршім-ау, қарным ашып өлер болдым,
Жоқ еді жинап алған азық және.
Баратын сенен басқа жоқ орын да.
Қар басып суық болды, міне дала,
Қайтсе де жаз болғанша бір жәрдем ет,
Бас ұрып жылап келген бейшараға.
Көршім-ау, ұят маған сені күту,
Өледі деп тамақ беріп қызмет ету,
«Үлгілі тәржіманың» өзінде көп нүкте қойылған.
Жаз күні үй-күйіңді түзеп алмай,
Неңді алған сайран қылып өлең айту.
Өлеңмен алты ай жазды өткіздің тек,
Ақымақ, ойламастан қыс болады деп,
Шілдені тамаша қып жөнелтіп ең,
Жарқыным, енді барып плясать ет.
Кеп аса іс еткем жоқ өнерменен
Әдет қып қалып еткем өлеңменен
Біздерге көптен бергі қалған мақал,
«Не еріншек, не көңілшек өлер» деген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шортан менен мысық

  • 0
  • 0

Қолыңнан келмес іске етпе талап,
Шықпассың оныменен іске жарап,
Мысалды ғибраттар толып жатыр,
Түсініп пайдаланса халық бірақ.

Толық

Қасқыр менен тырна

  • 0
  • 0

Қасқырдың есітуге аты жаман,
Қайтадан қалыпқа енбес дәті жаман,
Түзеліп лауахазда кісі болмас,
Шыққаннан дүниеге болса надан.

Толық

Мектепке шақыру

  • 0
  • 0

Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке».
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты
Зат емес надан кісі алар текке.

Толық

Қарап көріңіз