Өлең, жыр, ақындар

Жетім

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2315
Күн батып кеш болған соң жұлдыз шықты.
Далада сықырлаған аяз мықты.
Бір жетім жол үстінде келе жатып,
Қалтырап тоңды байғұс, қайғы мықты.
Я алла, қуат кетті тоңып менен
Қарным аш тамақ жемей екі күннен
Кім жылытып тамақ беріп аяр екен
Құдайым мен жетімді бейнет көрген.
Тұрғанда жетім байғұс зарлап мұны
Болған соң көңілінде әрбір мұңы.
Бір кемпір дауысын естіп аяды да,
Үйіне ертіп келді жүр деп оны.
Келе сап жылындырып, киімін шешіп,
Тойғызып бар дәмін болған нәсіп.
Бишара әбден тойып болғаннан соң
Жатқызды ұйықтай ғой деп төсек төсеп.
Деді де қалай жылы, жетім жатты
— Тоңғаннан жылынғанда ұйқы қатты.
Тыныш ұйқы берсін алла деді дағы
Байғұсты қымтап жылы кемпір жатты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пәлеге ұшыраған қарашекпен

  • 0
  • 0

Жасынан кемшілікпен михнат шеккен
Үй болып түзіле алмай жүріп көптен.
Ақырында әжептәуір бай болыпты,
Бұрынғы ертеде бір қарашекпен.

Толық

Күйеу таңдаған сұлу қыз

  • 0
  • 0

Сұлу қыз тәрбиеде өскен өзі,
Бой жетіп, күйеу алар келді кезі.
Ақ, жүзі он бестегі толған айдай,
Алтындай жарқырадым екі көзі.

Толық

Түлкі менен жүзім жемісі

  • 0
  • 0

Ашығып түлкі байғұс бақа кірді,
Аралап жем таба алмай талай жерді,
Шынардың салбыраған жемістерін,
Жүзімін тұрған пісіп көзі көрді.

Толық

Қарап көріңіз