Өлең, жыр, ақындар

Мақаш қала

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 572
Поезбенен біз өткенде
Дағыстанның жерінен,
Күміс Каспий құшақ жайды
Мақашқала өрінен.
Поезбенен біз өткенде
Кемерімен Каспийдің,
Орғып жатқан ақ толқынды
Көрдік теңіз тасқынын.
Күн мен Каспий шағылысып.
Көгала бұйра толқыны;
Төсін сүйе шағала ұшып,
Құсқа толған қолтығы...
Сұлу теңіз сырғып ағып,
Ақ көбігін аспанға
Атып жатты, жарын ұрып,
Ұсап інжу шашқанға.
Теңбіл теңіз төңкеріліп,
Тәжім ғып бас игендей,
Күміс толқын паровоздың
Доңғалағын сүйгендей.
Көк теңізді, Дағыстанның
Жерін көрдім бұлғынды.
Толқынынан туғызған зор
Сулаймандай бұлбұлды.

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Назерке

  • 0
  • 0

Шахзаданың сүйген қызы отырып,
Айтты назды қасына алып сүйгенін:
«Мені сүйсең туғаныңды өлтіріп,
Әкел маған айырып бас сүйегін».

Толық

Қызғанам

  • 0
  • 0

Алатау, балың аз ба жұтқызбаған,
Сұлусың жастығымды ұтқызбаған!
Сайран сап, сенде шіркін, қыз-бозбалаң,
Жүреді-ау, мен жоқта да деп қызғанам.

Толық

Жасыл орман, жас терек

  • 0
  • 0

Бесжылдықтың жазында
Еңбек дабыл қаққан шақ,
Жыр ғып ақын жазуға,
Елден құнар тапқан шақ.

Толық

Қарап көріңіз