Өлең, жыр, ақындар

Жасыл орман, жас терек

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 420
Бесжылдықтың жазында
Еңбек дабыл қаққан шақ,
Жыр ғып ақын жазуға,
Елден құнар тапқан шақ.
Жасыл орман, жас терек
Жапырағын жайған шақ.
Ал қызыл гүл еркелеп,
Албырап нарттай жанған шақ.
Кемеліне ел келіп,
Көкке құлаш ұрған шақ.
Таудай істі меңгеріп,
Ер талпынып тұрған шақ.
Темір жолдар құрсаулап,
Жерге шеңбер салған шақ.
Құйылып көктен нұр саулап,
Қыр құмары қанған шақ.
Суда балық ойнаса,
Жерден егін өнген шақ.
Заводта мыс қайнаса,
Елге дәулет келген шақ.
Мұнаралы мұнайға
Шыңырау бұрғы салған шақ.
Шағылып кеннің нұры айға,
Алтынды аптап алған шақ.
Шар айнадай жарқырап,
Көл толқынға толған шақ.
Ақ тандырлы атырап
Жер жаннаты болған шақ.
Көз тартқан жаз көркіңдей,
Ел нұрлана түсер шақ,
Өрлеп өмір өркендей,
Жыр жырлана түсер шақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер екен

  • 0
  • 0

Абхазия гүл бағы
Бұлбұл сайрар жер екен,
Көк бұлты да таудағы
Көк теңіздің лебі екен.

Толық

Жамбылға

  • 0
  • 0

Қарт Жамбыл — жас сұңқардай саңқылдаған,
Алқымы — ащы айқайға алқынбаған,
Жырлары өшпейтұғын өрден өрлеп,
Айға атқан ақ жамбыдай жарқылдаған.

Толық

Сенің туған отаның

  • 0
  • 0

Жайна гүлдей жадырап,
Жас жеткіншек ұланым.
Қызыл ту нарттай албырап,
Келді Октябрь мейрамың.

Толық

Қарап көріңіз