Өлең, жыр, ақындар

Назерке

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 829
Шахзаданың сүйген қызы отырып,
Айтты назды қасына алып сүйгенін:
«Мені сүйсең туғаныңды өлтіріп,
Әкел маған айырып бас сүйегін».
Махаббаттан түйсігі жоқ бұл жігіт,
Қыздың құлы болып кеткен секілді.
Бірге туған өз бауырын өлтіріп,
Қызға оның бас сүйегін әкелді.
Бас сүйекке қыз толтырып, у салып.
Құйды дағы жігітке енді «іш» деді;
Жігіт ішті... ғашықтық бір дел-сал ғып,
Оның үшін тұрған тылсым күш еді.
О, дариға! Шын жүректен тулаған,
Бар айыбым – сүйгенім бе, тек қызды.
Есіл жастың сүйегіне қураған
Құйып зәрлі уды маған жұтқызды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын дала

  • 0
  • 0

Түлеген алтын даланың,
Айдай күміс алабын,
— Тәтті жырға тербетіп,
Өлеңді өрге өрлетіп,

Толық

Днепр

  • 0
  • 0

Ой - қой, шіркін Днепр!
Жағаңды жырта жау жайлап,
Дегендей ақпай тұра тұр,
Ойқастап еді шаужайлап.

Толық

Ақ Еділ

  • 0
  • 0

Көріп мен ұнаттым
Ақ Еділ бойларын,
Аққан сан бұлақтың
Көркіне тоймадым.

Толық

Қарап көріңіз