Өлең, жыр, ақындар

Жүрек

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 438
I
Өткен күнде түн тұман,
Жүректі мұң мен қан жуған,
Хан зорлығы халқымның
Жан жүйкесін талдырған.
Жүректің Қақпағы,
Бабында Соқпады;
Соқпады, Тоқтады...
Ми тамырын қан буып,
Қаяулы жүрек қайғырып,
Қара түнде зарлап жан
Әппақ қарда қызыл қан
Кестеленген, атпай таң...
Бұлт басқан Астында аспан
Теңіз тасқан, Арылмастан,
Көз де жастан,
Өмірді бұлт... қаптаған...

II
Тан, да атты, сөнді өрт,
Түнде кетті; кетті дерт.
Мұз денеге қан жүріп,
Тынған жүрек соқты көп.
Тасқындап төңкеріс,
Ескіні Еңсеріс
Қан... майдан,
Өрбіп күш
Октябрь үшін бердік серт!
Соқты жүрек, соқ, жүрек!
Жүрек — завод, үн — гудок.
Қозғалды құрыш станок,
Сезінді ел күштірек!
Заводта
Күрс те күрс!
Электр
Берді күш,
Трубалар
Түтін құс!
Қозғалды күш білек!
Жүрек өмір тірегі,
Жанның тұтқа тиегі,
Сондай-ақ Москва
СССР-дың жүрегі.
Сағаттап,
Минуттап,
Минутта — Сан аттап,
Заводтар Зырлап бақ
Жеңіспен ілгері!
Түтіні қошқыл қаптаған,
Бұлтты теуіп тоқтаған,
Трубасы зәулім заводтар
Көкке бойын шақтаған.
Завод бұлтпен Таласқан,
Арқырасы — Алда-аспан,
Кремлі жарасқан
Москва деп мақтанам.
Доңғалағы алмас ақ табан
Доңғалап тыным таппаған,
Бұлың-бұлың көк болат
Тетігі жоқ тартпаған!
Дөңгелек айналып,
Дөңгелеп майланып,
Күйі еңбек Ойналып,
Заводқа тұрған шаттанам!
Қозғал завод, шын құзым,
Ойнап қызыл жұлдызың.
Құдіретті енбек, алтын таң,
Жайната түс жер жүзін!!!
Бізде мол,
Миллион қол,
Бәрінде
Бір-ақ жоя.
Күс білек,
Күштірек,
Күшті леп
Күш гудок,
Бұл жүрек,
Мың білек,
Бір тілек,
Бір жүрек!

1930



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөнбес жарық

  • 0
  • 0

Күн шықпай ма орнынан?
Таң арайлап атқанда,
Оны сөнді дер ме адам,
Көкжиекке батқанда

Толық

Ембі екпіні

  • 0
  • 0

Солқылдаған неге жер?
Жер қозғалған сияқты!
Толқыған толқын топан ба?
Көл қозғалған сияқты!

Толық

Қалам шеберіне

  • 0
  • 0

Қолына бүркіт ұстап, Шыңғыс тауын
Шолып бір, түлкі аунарда тұңғыш қарын
Абайдың тұрған кезін көзбен көріп,
Ұшырдың, Мұқа, шыңға жыр құстарын...

Толық

Қарап көріңіз