Өлең, жыр, ақындар

Ембі екпіні

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 327
(Үзінді)

Солқылдаған неге жер?
Жер қозғалған сияқты!
Толқыған толқын топан ба?
Көл қозғалған сияқты!
Борандай бұрқайды екпіндер!
Жер қозғалған сияқты!
Шатырлап мұз ба жарылған?
Сен қозғалған сияқты!
Алдаспандай жарқылдап,
Найзағайдай шартылдап,
Бұлтты бүктеп, ерге өктеп,
Болатты бүктеп жентектеп,
Жер тітіреткен Ембінің
Қарқынының кәрінен
Қыр қозғалған сияқты!
Неге омырылып өр жылжиды?
Өр қозғалған сияқты,
Майданда жортып түн қатып,
Дабылын түнге тыңдатып.
Қалқанды найза шыңдатып,
Тұлпарын талмас тулатып,
Майданда қатты қол қатып,
Ер қозғалған сияқты.
Серпіп түннің түнегін,
Ел қозғалған сияқты!
Шертіп қылын жүректің,
Шер қозғалған сияқты.
Солай ма әлде немене?
Қарайыншы кез тіге
Кім қозғалған сияқты.
Жауар бұлттай торланып,
Жерден қайнап қорланып,
Еңбекпенен екпіндей,
Нефтстанның ошағы,
Көктің бұлтын тепкендей,
Толқыта мұнай төккендей,
Нефтстан — Ембі нефтідей,
Кен қозғалған сияқты.
Нефтстанның қарқыны
Мұнайының шалқуы,
Түнге оқ атып күркіреп,
Күн қозғалған сияқты!
Тасқынды күш еңбектен,
Өткендей-ақ жер көктен
Оқ сепкендей зеңбіректен,
Үн қозғалған сияқты!
Біреу емес, күшті екпін,
Мың қозғалған сияқты!
Осы ғасыр ішінде
— Дүние өзгерген пішінде,
Кім өзгеше күшінде?
Шын қозғалған сияқты.
Томағасын сыпырған,
Қырандайын ұмтылған,
Шойын білек, құрыш күш
Қол қозғалған сияқты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегің лүпілдеген

  • 0
  • 0

Сұлу жыр түртсе жаның,
Жүрегің лүпілдеген,
Сондай-ақ күтсе жарың
Үйіңде үлпілдеген!

Толық

Күз көрінісі

  • 0
  • 0

Көтерілсе аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп,
Жерге інжу шашқандай —
Күміс моншақ шық түсіп,

Толық

Шопан мен әжесі

  • 0
  • 0

Көктемгі аспан көнегінен,
Құйды жаңбыр, құйды жаңбыр!
Өткізген бұлт елегінен
Күміс тамшы сүйді балдыр.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар