Өлең, жыр, ақындар

Қалам шеберіне

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 382
Қолына бүркіт ұстап, Шыңғыс тауын
Шолып бір, түлкі аунарда тұңғыш қарын
Абайдың тұрған кезін көзбен көріп,
Ұшырдың, Мұқа, шыңға жыр құстарын...
Арқау ғып, берген жырды Абай сыйлап,
Төгілтіп ой кестесін талай шумақ,
Туғызған біздің өмір өзіңіздің
Тұлғаңыз бір өлеңге қалай сыймақ?!
Дәл бояп жаз сипатын, күз келбетін,
Суреттеп жігіт сырын, қыз келбетін,
Үңіліп жанның терең жүрегіне
Түсіре білдіңіз ел Сіз келбетін...
Шыққанын бүркітшінің қансонарда,
Самғаған жын ойын аңсап алға,
Халқыңның күйінішін, сүйінішін
Суреттей алмасаң, ел қарсы алар ма?!
Бейнесін балғын тілмен бағы заман
Бердіңіз сұлуырақ аңыздардан.
Қаламның Сіз ұстаған іздеріне,
Сүйсіне білді бүгін нағыз адам.
Ер жетіп, етті елдің бала кезі,
Өмірдің дастарқанын жаяды өзі!
Күтіп тұр, Сіз салсын деп өз суретін
Жаңарған жалт-жұлт қарап дала көзі.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтірік сүю жанға қас

  • 0
  • 0

Сынық қанат көбелектей
Отқа қалай күйермін,
Жаны елгезек ебелектей
Қызды қалай сүйермін?

Толық

Таң

  • 0
  • 0

Таң қызы күлімсіреп жүзін ашты,
Көк аспан алтын теңіз мұнар ашты,
Гүл исі бау-бақшаның әтір атып,
Аспанға сүңгіп сұлу жұлдыз қашты.

Толық

Ақын мен бұлбұл

  • 0
  • 0

Ойды оятар бұлбұл дейді сайрағыш,
Сонда, ақыннан болған ба ол ойлағыш?
Бұлбұл – гүлдің, ақын – елдің еркесі,
Ақын болсаң, жан толқыта, самғай ұш!

Толық

Қарап көріңіз