Өлең, жыр, ақындар

Сөнбес жарық

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 398
Күн шықпай ма орнынан?
Таң арайлап атқанда,
Оны сөнді дер ме адам,
Көкжиекке батқанда?
Жазғы шыққан бәйшешек
Өшіп мәңгі солар ма?
Күз солып, жаз гүлдесе
Солды деуге болар ма?
Жоғалды деп кім айтар,
Жерге көмген ұрықты?
Кім жоғалтар өмірде
Туып, өну ғұрыпты?
Көкте тұрған нұрлы күн,
Сөнер ме үрсең жарығы?
Сол секілді өмірдің
Ленин сөнбес жарығы!
Күн боп таңын атқызып,
Туған Ленин халыққа.
Өлместей боп жиһанда
Қалды аты тарихта.
Сөнбес өмір жарығын
Сенді деуге бола ма?
Өмірдей сөнбес Ленинді
Өлді деуге бола ма?
Кремльдің қасында
Дем алып Ленин ұйықтады,
Қанат қақты аспанға жаның күшті ұрпағы.
Жаңғырықты Ленин деп
Туған елдің тау, тасы!
Сызылды Ленин атымен
Жаңадан отан картасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қанат қақты химия

  • 0
  • 0

Жиырмасыншы ғасырда
Даңқымызға дала тан,
Тағы тарттық асуға
Айға созып алақан!

Толық

Жаңа жыр

  • 0
  • 0

Жаңа жыр — жырланады майданға арнап,
Жаңа жыр — жайратады жауды ойрандап!
Жаңа жыр — фашизмнің төбесінен
Түседі жарқ-жұрқ еткен жайдай жайнап.

Толық

Биіктің түбі төменде

  • 0
  • 0

Мен, биіктен төменге
Көз тіксем жай шарқ ұрмай,
Биіктің түбі төменде
Дегім келед алтындай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар