Өлең, жыр, ақындар

Қаһарлы жылдар

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 421
Сұрапыл қырық бірінші
Қар жамылған жер үсті,
Естен сірә шығар ма, —
Сол қан исі жылымшы?..
Я, сол кезең қытымыр
Қанды майдан жыл еді,
Бұрқаған оқтың оты бір
Нажағай атып тұр еді.
Астананы алмаққа
Гитлер жауып аш қолын,
Толтырды оқ пен солдатқа
Волоколам тас жолын.
Қарлы боран, қанды оқ,
Үскірік жел ысқыра,
Астанаға ашты от
Зеңбіректер ышқына!
Ер ел біздің саспады,
Шықты жауын талқандай,
Кремльдің аспаны
Тұрды оқ теспес қалқандай!
Жаудың тобын көрді де,
Келе жатқан қан төгіп,
Оққа отты сөз берді де,
Шықты батыр Панфилов,—
Автоматын қолға ұстай,
Киіп келте ақ тонын,
Солдаттарға жол нұсқай,
Генерал жауға атты оғын!
Күркіреген көп танк,
Келіп қалды жалындап,
Жау танкісі оқ дарып,
Күйіп жатты лапылдап.
Жиырма сегіз ер қайтпай,
Шықты окоптан оқталып,
Жауға қарсы қас қақпай
Клочков пен Тоқтаров.
Таусылғанда оқтары
Өздері оқ боп атылды.
Танкі өртеніп тоқтады,
Жау қарасын батырды.
Партия үшін, ел үшін
Ұлы Отанның ерлері,
Сақтады ел ырысын,
Ел қайраты көрінді,
Ұрынған жау жеңілді.
Тілемейтін соғысты —
Күллі ел үні тоғысты!

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасыл орман, жас терек

  • 0
  • 0

Бесжылдықтың жазында
Еңбек дабыл қаққан шақ,
Жыр ғып ақын жазуға,
Елден құнар тапқан шақ.

Толық

Дауылда туған

  • 0
  • 0

Аласапыран дауылда,
Долдана қарсы жалынға
Қос қанатын от шарпи,
Өршісе де шын шалқи

Толық

Болат балға

  • 0
  • 0

Көк құрыштан болат балға құйылған,
Алғыр алмас тегеуірінді бұрыннан.
Шын еңбектің шым-шым қайнап суына,
Суарылып қорытылған қиыннан.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар