Өлең, жыр, ақындар

Дауылда туған

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 410
(Н. Островскийге)

Аласапыран дауылда,
Долдана қарсы жалынға
Қос қанатын от шарпи,
Өршісе де шын шалқи
Құйындай ұшқан қыраным,
Украин жерінің,
Дұшпанының шебінің
Торын қырқа құлшынған,
Майданда күшті құрсанған
Сүйемін ел ұланын.
Октябрьдің таңы үшін.
Табының таптық қаны үшін,
Барлық күшін, қуатын
Арнаған нұрға туатын
Қыраным өзге туысың.
Отпен, оқпен, жалынмен,
Қанды дүлей дауылмен
Буырқана бұрқылдай,
Ақ болатша жарқылдай,
Шыңдала шыққан құрышым
Халқына күллі өмірін,
Бойдағы бүкіл тамырың
Беріліп, денең мешеу боп
Қалсаң да қайтпай, нөсерлеп
Көрсеттің күштің үдерін.
Советтік сұлу заманда,
Өмірдің қышын қалауда
Қайта туып қуатың,
Құрыштана болатың
Мотордай соқты жүрегің.
Сол жүрегің соқты алып,
Соғуы оның тоқталып
Қалғанша қайтпай қажымай
Сөз асылын маржандай
Құйылдырдың тіліңнен.
Сол жүрек бүгін тоқтады,
Тоқтады, тамыр соқпады;
Жүрегіңдей өзіңнің
Соғады, — күші сезімнің
Жанында сүйген еліңнің.

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұшып келем

  • 0
  • 0

Мезгілі еді нақ түстің
Күн күледі үстімде,
Ұшып келем «Аққұстың»
Қанатының үстінде!

Толық

Туысқандық жыр

  • 0
  • 0

Жерге терең түп тамырын төсеген,
Бір тамырдан өскен бейне қос емен;
Ұлдарына ұқсап қимас ананың,—
Егіз туған секілді бір шешеден.

Толық

Кең залында Кремльдің

  • 0
  • 0

Коммунист партиясы —
деген атты
Ең құрмет тұтып
бастан ел ұнатты!

Толық

Қарап көріңіз