Өлең, жыр, ақындар

Болат балға

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 214
Көк құрыштан болат балға құйылған,
Алғыр алмас тегеуірінді бұрыннан.
Шын еңбектің шым-шым қайнап суына,
Суарылып қорытылған қиыннан.
Жүмысшы ұрса күрең темір сақырлап,
Майша балқиды, ұшқын ұшып шатырлап!
Жер-дүниені солқылдатады дауысы
Көкте ойнаған найзағайдай сақылдап.
Болаты қызса бусанған,
Қамал бұзады, құрсанған.
Бұлтты батпан, батыр сүйер жарақ нақ,
Қуатына таңғалдырып қаратпақ.
Түтін құшып, отпен ойнап осқырып,
Шоқты шайнап, жалын жұтқан жалақтап!
Шамырқанған, шымқанған Верен болат бұрқанған.
Балғалы ерлер қорықпайды, өрт жағылсын,
Мейлі дүние тас-талқан боп жарылсын!
Шоқты шайнап, тасты омырған күш құрыш
Үз шынжырды, бүкіл дүние таңы үшін!
Балға ұстаған күш білек,
Сүйемін сені күштірек.

1930



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Азат әйел

  • 0
  • 0

Кеше, әйелдер, күңдікте жүрмеп пе едің
Кеше қорлық, күңшілік кермеп пе едің?
Кеше еріксіз еңіреп шалға тиіп,
Кеше көңілің қайғымен тілмеп пе едің?

Толық

Құмға шабуыл

  • 0
  • 0

Октябрь таңы атқанда
Еліме де, маған да,
Ту ұстап ел тартты алға
Жайнады өмір даламда.

Толық

Қысқы ымыртта

  • 0
  • 0

Мұхитына көкжиек
Қызыл қанат күн батып,
Оранғандай ақ жібек.
Мұз құрсанды қыр қатып,—

Толық

Қарап көріңіз