Өлең, жыр, ақындар

Дау

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 380
Өрт сияқты көзi жоқ,
мен бiр сұмдық дау көрдiм,
тоқтам айтар сөзi жоқ
iштен шыққан жау көрдiм.
Ант пенен
серт өлiп,
көз аша алмай сорлаудан, –
жатты дейсiң өртенiп
бiр қауым жұрт сол даудан.
(Бiлдiрместен сезгенiн
жеттi әзәзiл сап етiп)
Бәтуәлi сөздерiм
жанып кеттi лап етiп.
Қақ айырылып қосағың,
қақ бөлiндi арманың.
Ойран болып ошағың,
түстi ортаға шаңырағың.
Жан өртенiп,
мұңданды, –
Не iстейсiң? –
күйiнем!
Қара күйе күл қалды
ынтымақтың үйiнен.
Ақыл-есiм шатысты
Қапаландым,
егiлдiм...
Сол бiр даудан шоқ түстi
өзегiне елiмнiң!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маймылдар патшалығы

  • 0
  • 0

Дедi ме екен: осылай бiр сынаймын!
Ықылысты нұры түсiп Күн, Айдың –
Патшалыққа ие болды маймылдар
Бiр күндерi қалауымен құдайдың

Толық

Тайпа трагедиясы

  • 0
  • 0

Табиғаттың сезiп әуен, жыр, үнiн
үйлестiрген соныменен ұғымын
бiр тайпа жұрт джунгли iшiнде
кешiп жатты жабайылау ғұмырын.

Толық

Кездік

  • 0
  • 0

Сырласқандай тұңғиықпен, тереңмен
Бар айнала тыныштыққа бөленген.
Сол бiр сәтте күркiретiп аспанды
Реактивтi ұшақ өттi төбемнен.

Толық

Қарап көріңіз