Өлең, жыр, ақындар

Маймылдар патшалығы

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 318
Дедi ме екен: осылай бiр сынаймын!
Ықылысты нұры түсiп Күн, Айдың –
Патшалыққа ие болды маймылдар
Бiр күндерi қалауымен құдайдың
Сол, сол екен тiршiлiктi ұршық қып
айналдырып –
Түбiтiңдi қылшық қып, –
Көш басына шыға келдi
Көсем боп
шәртiк қарын, маймақ аяқ, қисық бұт.
Оң, солынан бiрдей туып Ай, Күнi
Асып кенет өзгелерден айбыны, –
Шыға келдi көш басына ентелеп
Бiр топ маймыл – маймылдардың маймылы.
Ұмыт қалып бар мүддесi елiнiң,
Ұмыт қалып бар мүддесi жерiмнiң, –
Бар жұмысы сол аз ғана маймылдың
Табу болды бiр-бiрiнiң көңiлiн.
Мүлде ұмытып қысылуды қымсынып,
Бiр-бiрiне сый-сияпат ұмсынып, –
Бiр-бiрiне ыржаң қақты мәз болып,
Бiр-бiрiне ырбаң қақты ырсиып.
Сол топ маймыл өктем едi қашан да!
Айналды ғой мақтау сөзден масаңға.
(Жағымпаздық, жалбақайлық жөнiнен
Маймылдарға жете алмайды еш аң да!)
Керемет бiз ел болдық деп жар салып,
Сол топ маймыл iшiп-жедi жан салып, –
Бiр-бiрiнiң аузын жалап масайрап,
Бiр-бiрiнiң артын жалап тамсанып.
Шығып алып бәйтерек пен еменге
Кеуде керiп қарап тұрды әлемге...
Дәл осылай мәз боп жатты,
Ал Елi
Битiн сығып жеп отырды төменде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мінез

  • 0
  • 0

«Түнде ұйықтамаған,
Күндiз отырмаған,
Қызыл қанын төккен,
Қара терiн жүгiрткен»

Толық

Өлең сыйлаған адам

  • 0
  • 0

Бiрде күлiп,
ендi бiрде жылаған,
бiрде батқан,
бiрде арылған күнәдан!

Толық

Мұз құрсапты бiр сөздi!

  • 0
  • 0

Мұз құрсапты бiр сөздi!
Мүлде өлдiге телiген
алсын қайта танып ел –
жүрегiмнiң демiмен

Толық

Қарап көріңіз