Өлең, жыр, ақындар

Сарыарқа

  • 04.06.2022
  • 0
  • 0
  • 483
(Құрманғазы оркестріне)

Құрысып арқа, тырысып қабақ жазылмай,
Қайтерсің сол бір, қайтерсің жұмбақ шағынды-ай.
Теңіздей кейде дауылсыз толқып есірер
Құпия сырды, ғажапты жүрек сағынды-ай.
Жүргенде кенет... Әлемді дауыл қаптасын,
Ғаламды сазға бөлесін... жақсын, жақпасын.
Сол кезде санаң кетеді екен шарықтап
Сарыарқа етіп тырнағың шекті қаққасын.
Біреудің жүзі бал-гүл боп со кез жанады,
Біреудің көзі, сұмдық-ай, тастап сананы.
Ал біреу кеткен, шешен боп кенет есіліп,
Бәрі де бәрі жоғалтып алған шаманы.
Шамала шырақ, еске алып сәлді кектенбе,
Өмір бар алда, бір күнге бола шектелме.
Ұша алса жақсы құс болып самғап "торшолақ",
Өзіңмен бірге өкпеге сонша тепкенге.
Бес саусақ сілкіп, сиқырлы сазды төккенде
Бір жұтым ауа қалмайды екен өкпеңде.
Есімді жидым есалаң шақтан найзағай,
Немесе құйын, аймалап мені өткенде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір үй бар-ау

  • 0
  • 0

Терезеден телмірем отаныма —
Сар далама, адырлы, жоталыма.
Жүйткіп аққан пойыздың сыртылына
Дүрс-дүрс етіп жүрек үн қосады да.

Толық

Әке әмірі

  • 0
  • 0

Бағындырып заңына бұ тіршілік
Үйретті ғой етуді шүкіршілік.
"Шүкір" деуден қазақтар жалықпайды,
Жатса дағы жүректі қайғы тіліп.

Толық

Ана тілім

  • 0
  • 0

Атыңнан айналайын, Ана тілім,
Себеп боп, сенің, өзің жаратылдым.
Әлемде небір ғажап сұлулық бар,
Ішінде барлығының дара тұрдың.

Толық

Қарап көріңіз