Өлең, жыр, ақындар

Ана тілім

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2368
Атыңнан айналайын, Ана тілім,
Себеп боп, сенің, өзің жаратылдым.
Әлемде небір ғажап сұлулық бар,
Ішінде барлығының дара тұрдың.
Сен келдің тентек ұлға арашаға,
Жұбаттың жылай қалса бала-шаға.
Қамқорсың зорлық көрген нашарларға,
Биіктен қорлық көрген аласаға.
Қайтардың жалғыз сөзбен қалың жауды,
Үйреттің ар сатпауды, жалынбауды.
Ерлікті, дос-дұшпанға таба болмау,
Тағы да мәрттік, кеңдік, тарылмауды.
Түйінін түйе түстің құптап сырдың,
Ұғынтып ұл-қызыңды жұптастырдың.
Басатын бауырына көрген сайын
Анама дәл өзімнің ұқсап тұрдың.
Атыңнан айналайын, Ана тілім,
Өзіңмен бүгін тағы таң атырдым.
Самғашы биігінде бар өнердің,
Болайын қауырсыны қанатыңның!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір танысыма

  • 0
  • 0

Қайнап шықпай сезімнің тереңінен
Ықыласты ұқпайтын кереңің мен.
Сөнген жұлдыз ғарышта сәулесіндей,
Жалған күлкі, адамға берер ме өң?..

Толық

Қысыр бұлттар

  • 0
  • 0

Бұршақ шашып, шеке жарып,
Нөсерлетер бұлттар да бар.
Сол қасиет кеткен дарып,
Тау бойында ұлттар да бар.

Толық

Күдік

  • 0
  • 0

Кетедi кейбiр түнiм силап маған
Жегiнi жан мүжiген – күдiк деген.
Аурудың азабы да қиналтпаған,
Қайғы да менi осынша мүдiртпеп ең.

Толық

Қарап көріңіз