Өлең, жыр, ақындар

Әке әмірі

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1158
Бағындырып заңына бұ тіршілік
Үйретті ғой етуді шүкіршілік.
"Шүкір" деуден қазақтар жалықпайды,
Жатса дағы жүректі қайғы тіліп.
Біз де айтамыз баяғы әдет пенен,
Ойда да жоқ мені ешкім сөгеді деген.
Ақыретке қимасты шығарып сап,
Бұ не ғажап, "шүкір" деп безектеген.
"Шүкір" деймін, өмірін ойға алам,
Талай тойы қалды ғой тойламаған.
Арпалыспен сексен жыл өте шықты,
Ондай қажар, шырағым, қайда маған?..
…Он жасында құдайы жетім етті,
Ағалардың біразы шетінепті.
Жыртық иін жамалмай, сан тесіктен
Суық желдер, сүліктей, етін өпті.
Он жетіде жігітшік болды епті,
Ақыл түйді өмірден азды-көпті.
Бағыт берген, тәрбие – қәдір тұтты,
Сан сотталған, дана аға, Қалдыбекті.
Жирма үште шаңырақ көтеріпсің,
Жақсы келсін қасына бітер істің.
Жан анамыз Жаңылдық жарың болды,
Ауыр жүгін өмірдің көтерісті.
Жирма бесте аштық кеп жамағатқа,
Тірі қалу сын болды азаматқа.
Қаңғып кетпей, туған жер нәрін тердің,
Тойындырдың қарынды қанағатқа.
Отыз жаспен қырық бес арасында –
Көрген қорлық ұмыт боп барасың ба?
Заманасы еншілеп сол ұрпаққа,
Бастар кеткен домалап борасында.
Сұм соғысқа алдымен аттағанды,
Елемеді тәніне қатқан қанды.
Көрді талай денені қақ бөлінген,
Адамзаттан, аһ ұрып, шыққан жанды.
Қарсы шықтың, амалсыз, автоматқа,
Екеу ара бір мылтық, төздің жоққа.
Бірі жаумен атысып, екіншісі
Дем береді, а құдай, өзің сақта.
Бір соғыста қоршауда қалыпсың да,
Тамұқ деген айналып анық шынға –
Амалсыздан тұтқынға түсіл қалдың,
Төрт жыл бойы, плен боп, қанып мұңға.
Күтті талмай жеңіспен атқан таңды,
(Кім түсінер пенде боп жатқан жанды).
Бар жазығы өлмеген, тірі қалған –
Сол үшін бе, кім білген, сотталғанды.
Кезек тергеп, ұйқысыз атырар таң,
Қорлығына жақындап шығарға жан.
Түрмеде өткен үш жылда – үш ғасырдай,
Мойындамай күн кешті, шыдамды адам.
Бес бұздырды сот ісін арызданып,
Қорғаныпты жаладан жанын салып.
Шыдамсыздар, не сабаз, кетті кетті жоқ боп,
Осы сырға әкемнен болдым қанық.
Монына алмай ер жігіт ақталды ақыр,
(Талай сырды архивтер сақтап жатыр).
Қырық алты жасында елге оралды,
Сабақ алып, таңдайға мықтап татыр.
Маңғыстауым бірде тау, бірде тақыр,
Құм төбелер, сусыздау шөлде жатыр.
Есеппенен қазылған "күнараға",
Құдық суы балдай боп тілге татыр.
Маңғыстауым – отаны әулиелер,
Әлі талай жалқы ұлын әулие дер.
Өмір берген өшпестей өр жандарға,
Жарықтықтың, дәл өзі, әулие жер.
Ел мақтанар атақты ұл бар жақта,
Абыл, Ораз, Исатай атын сақта.
Тоқтамыста Тұрсынбай палуан бар,
Туған жері әкемнің Құлбырақта.
Отанына, ағайын ортасына
Оралған кез, тоймаған жұрт асына.
Отыз төрт жыл алдында өмір қалған,
Өзі шыққан қырықтың қырқасына.
Қызғанышсыз сүрді өмір басқа жанға,
Еңбек етті Таушықта, Ұштағанда.
Ескі ақшамен миллион ақша жиды,
Көп болар ед өкімет қыспағанда.
Енді міне бір төмпек жер бетінде,
Осы жерде алғашқы тербетілді.
Туған жерден топырақ бұйырды да,
Назекеңнің жамбасы жерге тиді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара дауыл

  • 0
  • 0

Жеткенде қара дауыл азынаған
Шошыды үрейлі күй сазына жан.
Суық жел - мың найзалы, бет күйдірер,
Тәңірге болды қандай жазығы адам?

Толық

Жақындайсың бір аттап

  • 0
  • 0

Қалмайды адам бұ пәниді тұрақтап,
Мәңгі өмірге жақындайды бір аттап.
Мына сөзді, тыңдап көрші, ағайын,
Бір ойымды болдым елге сынатпақ.

Толық

Жүзінші тілек

  • 0
  • 0

Отырмыз біз ет пісірім қозғалмай
Жұқа жүйке, жұқа жерлер тозғандай.
Бұлақ болып ағып жатыр шарабы,
Желдей ескен, оңды-солды сөз қандай.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер