Өлең, жыр, ақындар

Бір үй бар-ау

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 346
Терезеден телмірем отаныма —
Сар далама, адырлы, жоталыма.
Жүйткіп аққан пойыздың сыртылына
Дүрс-дүрс етіп жүрек үн қосады да.
Көз жетер жер жақындап, демде келіп,
Шыр айналар, дүние дөңгеленіп.
Бір үй бар-ау тарыққан, сол далада.
Мазалайды жайсыз ой, кейде келіп.
Бір үй бар-ау, жотаның аржағында.
Тұрмыс тұр ма жоқтықтың жар жағында?
Тұзы, суы бар ма екен байғұстардың,
Қонақ күте ала ма барғанында?
Қанша мезгіл маңдай тер төккеніне?
Өмір сүрдік дей ме екен, текке міне.
Ұл-қыздарың ұшырып үлгерді ме?
Шаруасы шайқалып кетпеді ме?
Бұ заманнан, Алладан тілегі не?
Бұ тірлікте сенгені, тірегі не?
Жақсылық деп зарыға күткен хабар,
Қадалмай ма жебе боп жүрегіңе?
Сол бір үйді жотаның жанындағы,
Даладағы, шөлдегі, сағымдағы —
Жебей көрші, ей Алла, жебей көрші,
Тайып кетер басымнан бағым тағы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең

  • 0
  • 0

– Өлең сенің анаң болса қайтер ең?
– Өмір бойы ардақтаумен өтер ем!
– Өлең сенің жарың болса қайтер ең?
– Өмір бойы арын қорғап өтер ем!

Толық

Үстірт жолдары

  • 0
  • 0

Шексіз, шетсіз не деген жол шаңдатқан,
Қанша, қанша менен бұрын жан басқан.
Ен далада көзге түсер көде жоқ,
Анда-санда жолды кесе аң қашқан.

Толық

Асыл арман

  • 0
  • 0

Көп iздедiм, таптырмайды, ал бiрақ
Үмiт-отқа талай күйдiм албырап.
Жарты ғасыр жолым аздық еткендей,
Алыста тұр әлi-әлi ол жырақ.

Толық

Қарап көріңіз