Өлең, жыр, ақындар

28 қыркүйек

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 359
Неше мәрте толғандырды осымен
Көзің нұрдан жаралған.
Сенің үнің салды менің есіме
Қымбат жанды жер алған.
Соның бекер! –
Дірілдеген денеңді
Құштырып жат пендеге,
Қараңғыда:
Сүйдім!
Күйдім! дегенді
Айтарың бар өңгеге!
Мойындашы:
Қойынында еріңнің
Бәрі жалған екенін:
Күйіп тұрған құшағың мен ерінің –
Кіріптары некенің;
Оны саған лайық деп санаман,
Артықсың сен кәріңнен.
Жүрегіңді сыйлар кезде сен оған
Сырластың ба арыңмен.
Сен бар жерде айырықша лүпілдеп
Соқты ма оның жүрегі.
Сұм жалғанды мансұқ қыла білді ме
Өзіңді ойлап үнемі.
Іштей қатты егілді ме қиналып,
Көздің жасын көрсетпей.
Жалындаған жас кезі мe қиғаны
Жаныңдағы бір сәтке?!
Жоқ, әрине! Ондайлар құр мақтаған
Шыға алмайды ойыңнан:
Тас мүсіндей сырт сұлулық тек қана
Таба білген бойыңнан!
Оған сенбей, сенер болсаң сезімге
Сенің жаның алаулы
Мұңға толы, махаббаттың өзіндей
Нәзік жанға байлаулы!
Түсіңе балап үмітті,
Жалғанды шын деп көне бер,
Мақтау да, ант та күдікті,
Мен сүйсем бірақ, сене бер:
***
Сүйемін, сүйем!
Нанбасаң,
Көзімнен оны аңдайсың;
Күнә ғой сені алдасам,
Тәңірді қалай алдайсың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ләззатты сәт

  • 0
  • 0

Қалғаныңды оңаша
Қалды деме ел сезіп.
Жас сұлуым, балаша
Жақындай бер қол созып.

Толық

Оба

  • 0
  • 0

Сонау жылы қара жердің беті қан,
адам біткен ажал-селде жүргенде
достығынан айнымапты екі жан –
шын сезімді өлім - жау да үзген бе.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Тағдырдан ғой, сенен емес, білемін,
Кеткенің менен тез айнып.
Ұрғашының берді ол саған жүрегін,
Болсақ да сұлу ғажайып.

Толық

Қарап көріңіз