Өлең, жыр, ақындар

Ләззатты сәт

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 544
Қалғаныңды оңаша
Қалды деме ел сезіп.
Жас сұлуым, балаша
Жақындай бер қол созып.
Жылуы жоқ жүзіңнің,
Жұмсақ емес төсегің.
Әйтсе де мен өзіңнің
Құшағыңа көшемін.
Жап әйнекті
Бұл маңда
Жанның іші күймесін.
Ағыт сосын бұлданбай
Ақ көйлектің түймесін.
Жолатпаймын
Дүрілдеп
Жанар өсек-пәлеңді.
Тұла бойым дірілдеп
Бара жатыр...
Бол енді!
Жалаңаштап қойғанда
Төсің қандай өрт еді.
Түсер кезде майданға
Қалай-қалай дертеді!
Құлын денең, балтырың
Құмарымды асырды.
Ішкөйлекке ақырын
Тұмарыңды жасырдың.
Үзер кезде гүліңді,
Арманымдай аңсаған
Сүйе тұра, зұлымдық
Жасағандай мен саған,
Ұқсап кеттің сен қатты
Жалбарынған балаға.
Ленажан, сол сәтті
Сұмдық деуге бола ма?!
Таусылып бар тағатым,
Ішіп-жермін көзіммен.
Соққан кезде сағатың
Шыдам кетер өзіңнен.
Сонда түктен тосылмай,
Тиер төске төсіміз.
Құмарымыз басылмай
Кіре қоймас есіміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспан мен жұлдыздар

  • 0
  • 0

Тұп-тұнық түнгі аспан,
Алыста жұлдыздар ымдасқан
Сәбидің жанындай мөп-мөлдір
Бақытым сияқты айқын деп,

Толық

Нинаға

  • 0
  • 0

Беу! Қиялшыл күндерім ой жарасқан,
Сүңгіп мәңгі кеткенің бе түнекке!..
Сол бір сәнді жұлдызды ойлап мен қашқан,
Жетімек боп жүдеу тартқан жүрек те,

Толық

Жалғыз-жалқы меңіреу теріскейде

  • 0
  • 0

Жалғыз-жалқы меңіреу теріскейде,
Қарағай тұр тап-тақыр бір төскейде.
Теңселеді, қалғиды қысты көріп,
Ақ шапандай күміс қар үстін көміп.

Толық

Қарап көріңіз