Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 397
Тағдырдан ғой, сенен емес, білемін,
Кеткенің менен тез айнып.
Ұрғашының берді ол саған жүрегін,
Болсақ да сұлу ғажайып.
Ізіндей-ақ, теңіздегі қайықтың,
Көп тұрмас әсер жүректе.
Емес қой ол махаббатқа байыпты,
Жарытпас және жүдеп те.
Білер бірақ соққан кезде сағаты
Мейрімсіз тағдыр салмағын.
Со бір сәтті тосуға жоқ тағатым,
Ғафу ет, хайыр, ал жаным.
Мені, бір кез, мүмкін, тағы көрерсің,
Құрармыз сұхбат жырақта.
Сонда маған жаның жылап көнерсің,
Не пайда одан бірақ та?
Жоқ, жоқ! Наз үн, от жалыны жанардың
О кезде түкке аспайды;
Сен өтерсің, мен табалап қарармын,
Жаныңа тастап тас қайғы.
Мырс етермін өзің және кетерде,
Қарайып кекке толғасын.
Менің жалғыз сол күлкіме жетер ме
Сел болып аққан көз жасың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Farewell

  • 0
  • 0

Кешір! жұртқа бақ тіледім,
Жетсе оным көк түбіне,
Саған деген ақ тілегім
Көктен де асып кетті міне!

Толық

Үш құрма

  • 0
  • 0

Арабтың құмдарында жатқан күйіп
Өсіпті үш құрма ағаш зәулім биік,
Құнарсыз түбіндегі топырақтан
Мөп-мөлдір тұма шығып толқи аққан.

Толық

Аспан мен жұлдыздар

  • 0
  • 0

Тұп-тұнық түнгі аспан,
Алыста жұлдыздар ымдасқан
Сәбидің жанындай мөп-мөлдір
Бақытым сияқты айқын деп,

Толық

Қарап көріңіз