Өлең, жыр, ақындар

Махаббат оты

Ол сезім барған сайын өседі екен,
Мен оны жан тәніммен сүйіп қалдым.
Жүрекке түрлі ойлар түседі екен,
Махаббаттың отына күйіп қалдым.

Құшағында жылулықты сезінемін,
Жүректегі жалындарым лаулайды.
Айтқан жылы сөздеріне езілемін,
Оның жүзі махаббатқа улайды.

Қорыққан махаббатқа жете алмайды,
Жаным менің ол аруды қалауда.
Шын сүйген, жанынан еш кете алмайды.
Жүректегі махабатым алаула.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз