Өлең, жыр, ақындар

Гүл аузындағы жер шары

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 335
Бейбіт өмір тіршіліктің аңсары,
Жапырақ жайған сұлулықтың дер шағы.
Жалын-өртке жанып кетпей, үлбіреп
Гүл ашып тұр, гүл аузында жер шары.
Гүл көзінен таңдар атты, батып күн,
Куәсі боп қасірет пен бақыттың.
Қалай, жер-доп ұшып кетпей шыдаған,
Жауап беріп дауылына уақыттың?.
Көк қойнына батып кетті күн байып,
Сағат сайын жер салмағы ұлғайып.
Өмірден бір өніп шығып жарыққа
Жапырақтар алақанын тұр жайып.
Адамзатпен аспанның бір қабағы,
Қабағынан танып өзін табады.
Жердің шарын көтеріп тұр үзілмей
Қалай, гүлдің сынып қалмай сабағы?.
Күнге еркелеп жапырақтар саусағы,
Ашылғандай бар әлемге бар сәні.
Өртеніп не ұшып кетпей дауылға,
Гүл аузынан гүл ашып тұр жер шары.
Кезек алып бір өмірден бір өлім,
Өзгертуде тіршіліктің реңін.
Жердің шары – дірілдесе шайқалып,
Дірілдейді гүлдей қорқып, жүрегім.
Жалғасуда бір күніме бір түнім,
Түн күзетіп, ілінбей жүр кірпігім.
Гүл ішінен жер шары тұр гүл ашып,
Өрт шықпасын, бір талынан шырпының.
Өтер жылдар, артып төзім, арға сын,
Аршып кірден, ақыл-ойдың арнасын.
Өмір иіріп, зырылдайды уақыт,
Адамзаттың айналдырып шар басын.
Бейбітшілік – бар әлемге ортақ үн,
Ортақ үнге, үмітімді артамын.
Адамзаттың қолындағы жер шары,
Жанып-ұшып кете ме деп қорқамын.
Сіміріп бір сәулелі аспан жаңбырын,
Сіміріп бір табиғаттың ән-жырын.
Күнге ғашық гүл көтеріп тұрғандай,
Мынау ұлы жер шарының тағдырын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ескі досым, көрмесең көрме мені

  • 0
  • 0

Ескі досым, көрмесең көрме мені,
Көп нәрсеге бұл көңіл көнген еді.
Осып түсер бетіңе бір сөз айтсам,
Қыршаңқы аттай туларсың кермедегі.

Толық

Кімге айтамын, сырымды кімге сенем

  • 0
  • 0

Кімге айтамын, сырымды кімге сенем,
Көңілім ай, үміттен күл көсеген.
Басымды ұрып сол жанның аяғына –
Құлайын ба, күйімді білмесе, мен?

Толық

Айтудан ашық арланам

  • 0
  • 0

Айтудан ашық арланам,
Көзіме менің жас толды.
Жанымды мәңгі арбаған,
Маржан дегенім тас болды...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар