Өлең, жыр, ақындар

Қыз мұңы

Демалыс үйі,
Отыр едім дем алып,
Отыздарда-ау, жас келіншек,
Қасыма келді жайланып.

Сөзі түзу, инабатты,
Сұлу екен ажарлы.
Таныса келе боп кеткендей,
Танысымдай баяғы.

Үнсіз ғана мұңайғандай,
Жерге төмен қарады.
Не болғанын сұраған ем,
Сырын ашты мазалы.

Қыз мұңы:

Сан саққа ойым кетті шабарман боп,
Ұғынар сырымды менің бір адам жоқ.
Ұғарын былай тұрсын аямады-ау,
Заманым боп кеткендей аламан боп.

Менің де күйім бар ед шертетұғын,
Сорландым, жайылды ғой ерте бұрым.
Қазақ қызы жыламасын дейтіндер жоқ,
Тек нəпсісін ойлаған кей жексұрын.

Көздің жасы суланар кебеді де,
Ардың жасы тұла бойды жегені ме?
Қап-қара ғып жүректің қара мұңы,
Уайым жеумен сорлы қыз сөнеді ме?

Кезек алма дүние айналмалы,
Буындарың сүйек қой ойналмалы.
Сенің қызың жыласа не етер едің?
Болса егер, жан ашырым қайда қалды?

Мөлтілдеген домалақ жас тамады,
Ішінен кек бұлқынып, басты жанды.
Сорлағанның көкесі қандай болар?
Деген оймен кек алу басты арманы.

Өзін өзі жек көріп, қиналады.
Бұл өмірге түсінді сия алмасын.

Ұғынған қыз қол салып өзіне де,
Деген сəтте,ойлады сорлы анасын.

Анасында қимайды бір жағынан,
Қарауылтып көздері, дем тарылған.
Өртеп барад, Ішінен ар оты да,
Ойлары да жеп барады мың сарылған.

Жылап алып, солқылдап шыңғырады,
Айдалада тек ағаштар зар тыңдады.
Қоштассам деп өмірден,жылап келген
Балалық шақтарында еске алады.

Денесі тітіркеніп, есін жиды.
Тұр екен ұшар жарда, бір қиырда,
Бір-ақ аттам жасаса, ажал құшып.
Кетерінде түсінгендей, күшін жиды.


Алла сақтап, сорлы қызды аяды ма?
Əлде өмірден ерте жеген таяғы ма?
Дараланды, өзгелерді жек көрердей,
Ойға алып, сұм жағдайды баяғыда.

Тек енді өмір сүру ойлағаны.
Кек алуды енді қайтіп ойламады.
Өмірдің қуанышын сезінсем деп,
Тек қана өмір сүру ойда бары.

Барлығы да бір Алланың қалауымен,
Əр қайсысы өз жазасын өзі алады.
Деген мақсат жетелеп əлі күні,
Тек Аллаһтың соты еді ойлағаны.

Деп сырын аяқтады, сүртіп жасын,
Еске алдым сол қыздың мұңлы жасын.
Аманаттай мойныма арқалаған,
Зарлы мұңын жырымменен бүгін жаздым.

Қыздарыңды қорламаңдар жыламасын,
Ол сенің қасыңдағағы бір анашың,
Сенің де анаң кеше бір қыз болған,
Қай қазағың жылатқан өз баласын?

Ару қыз қорланбасын, үзіледі,
Сары уайымдай сарғайып,күзгі желі.
Ұмытпаңыз Аллаһты көріп тұрған,
Жамандығың көр азабын көргізеді.








Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз