Өлең, жыр, ақындар

Кімге айтамын, сырымды кімге сенем

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1230
Кімге айтамын, сырымды кімге сенем,
Көңілім ай, үміттен күл көсеген.
Басымды ұрып сол жанның аяғына –
Құлайын ба, күйімді білмесе, мен?
Сезімімді сездірмей өзіңе мен,
(Салғанына тағдырдың төзіп өлем)
Қайда жүрсең, көз емес маңдайдағы
Сені көрем, жотамның көзіменен.
Сен дегенде, болмайды төзім менде,
Ғашық жүрек, тынығып көз ілген бе?
Өзегімде өзгеше өрт өшпей жүрсе,
Өмірден бе, жоқ әлде өзіңнен бе?
Уақыт қатал, өтуде төзім жанып,
Танытпайды өткеннен өзімді анық.
Сезім бағып, түспестен көздеріңе
Ту сыртыңнан қарайды көзім бағып.
Келесің, қашан, жастық кезімді алып?..
Күміс толқын, өзекте сыңғыр қағып,
Жүрегіме жалынын жырдың жағып.
Үміт қылып тартылған үзіп алмай,
Жанарыммен мен сені жүрмін бағып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға

  • 0
  • 0

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға,
Өткен күн айналғандай бәрі аңызға.
Қанша асу, қанша жылдар жатыр бөліп
Қамал боп екеуміздің арамызда.

Толық

Батыр қызға

  • 0
  • 0

Жер жүрегін жүрекпен тыңдап алып,
Емін-еркін жуынып, күнге жарық.
Жеңіс күнге арнап көп гүлдер тердім,
Мен сен үшін, Әлия, қырға барып.

Толық

Мен ешкімге сол адам деп сүйгенім

  • 0
  • 0

Мен ешкімге сол адам деп сүйгенім
Айтқан жоқ ем, бүгін бәрі жүр шулап.
Өзім жанып, өз отыма күйгемін,
Өз атыңа арнай алмай жыр шумақ...

Толық

Қарап көріңіз