Өлең, жыр, ақындар

Ескі досым, көрмесең көрме мені

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 367
Ескі досым, көрмесең көрме мені,
Көп нәрсеге бұл көңіл көнген еді.
Осып түсер бетіңе бір сөз айтсам,
Қыршаңқы аттай туларсың кермедегі.
Тақтай жолым кешегі жар-құз бүгін,
Төбе болсақ кешегі, таумыз бүгін.
Жалынып, есептесіп, дос болғаннан –
Жанға жақын емес пе жалғыздығым.
Ол кездің өзі берген өз бағасын,
Ол кезді, айтып бекер қозғама шын.
Ескі дос, енді маған керек емес,
Құбылма махаббатың, көз қарасың.
Жасанды бейне бетің таныс маған,
Бұлдырап күннен күнге алыстаған.
Икемге иілікпеген екі арамыз,
Жолдардай аяқ жағы табыспаған...
Таптың ба, ескі досым, жаңа мекен,
Жаныма қайратымды жалау етем.
Суыған бір досыңнан ыстық көңіл –
Бар жанға беттемей-ақ қалады екен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім келіп, кім кетпеген өмірге бұл

  • 0
  • 0

Кім келіп, кім кетпеген өмірге бұл,
Өмірде кір шалмасын көңіл көгін.
Кептіріп гүлге тамған көз жасымды,
Алдымнан ессін жібек коңыр желім.

Толық

Еркелеп келші маған, еркін өлең

  • 0
  • 0

Еркелеп келші маған, еркін өлең,
Шабыттың жандыра алсаң өртіменен.
Көңілдің көк жиегін түріп тастап,
Аспандай жауып-жауып серпілер ем.

Толық

Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын

  • 0
  • 0

Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын.
Көп адасып, өзіңді тапқандаймын.
«Сенен өзге ешкімді сүймедім» деп,
Ант ішпеймін, алдыңда ақталмаймын.

Толық

Қарап көріңіз