Өлең, жыр, ақындар

Өмірде ұмытпаспын мына түнді

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 310
Өмірде ұмытпаспын мына түнді,
Жүректен жанартаудай жыр атылды.
Ұйқымнан неге ояндым деп өкіндім,
Түсімде көріп бүгін ұлы ақынды...
Сезімді балапандай түлетер күн.
(Бейнеңді көздеріме түнетермін).
Ашылған омырауыңды қымтап үнсіз,
Тілдесіп оңашада тұр екенмін.
Жырларың көңілімді келіп тербеп,
Көшкендей көкірегімнен еліктер көп.
Көрінер көзге даңқың, зат болса егер,
Айтар ем даңқыңнан сол бөліп бер деп.
Көгімен сағыныштың қалқып ұштым,
Келмейді өмір нәрін сарқып ішкім.
Сиқырлы, үзілмейтін жанымызда
Таңдандым барына бір тартылыстың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тауын жырлап, жерімнің көлін жырлап

  • 0
  • 0

Тауын жырлап, жерімнің көлін жырлап,
Табиғатқа болғандай көңіл құндақ.
Көрінеді көзіме шешуі жоқ.
Дүние деген құпия, болып жұмбақ.

Толық

Аяғы сынған көгершінге қарап...

  • 0
  • 0

Көрмегенге әрі ертегі, әрі аңыз,
Көк көгершін тағдырыңды аядым.
Бір көшемен қатар ақсап барамыз,
Мен сияқты... сенің де оң аяғың...

Толық

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға

  • 0
  • 0

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға,
Өткен күн айналғандай бәрі аңызға.
Қанша асу, қанша жылдар жатыр бөліп
Қамал боп екеуміздің арамызда.

Толық

Қарап көріңіз