Өлең, жыр, ақындар

ДОСЫМА АРНАУ

Адамның күні адаммен ғана болсын деп дүние жаратқан,
Шуағын, нұрын төксін деп мына таулардан Нұрлы Күн атқан,
Қол ұшын созар көмегін әр кез мұңайған сәтте қасымда,
«Адал дос» деген Құдайым берген әлемде ғана ғажап жан.

Досымнан артық табылмас ешкім іс түскен сәтте басымнан,
Серпінді рухты естимін әр кез өзіңнің қоңыр даусыңнан,
Бөлісер нанды, көңілді жанды, мейірімі судай тасыған
Білгемін сені бірге өскен кезде, мектепке әр күн, жасымнан.

Адалсың досым, не дейміз енді, жырлауда сені ақын жан,
Кеткен жоқ күлген сәттер мен күндер өзімнің мына жанымнан.
Шуағын төккен бауырым менің сыйладың сан рет бақытты,
Бұл өлең онда сый болсын саған, досым деп жазған ақыннан.

Айтарым саған асыл дос сені теңізге батсаң құтқарам,
Емдедің мені көңілде қайғы, ушыққан кезде мұң жарам
Сол үшін достым алғысым шексіз, арнаған әрбір күніңе
Тулаған толқын кездессе саған, қайғыңды бірге қарсы алам,

Себебі менің айырылмас досым, қасымда әр сәт, әр уақыт,
Сол үшін достым, алғысым шексіз өлеңім болсын бұл саған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз