Өлең, жыр, ақындар

Тауын жырлап, жерімнің көлін жырлап

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 224
Тауын жырлап, жерімнің көлін жырлап,
Табиғатқа болғандай көңіл құндақ.
Көрінеді көзіме шешуі жоқ.
Дүние деген құпия, болып жұмбақ.
Тауыса алмаған бақытты бабам жырлап,
Шақырғандай қолдарын далам бұлғап.
Ғашық болып, өртеніп кімді сүйсем,
Салқын тартып, сол болар маған жұмбақ.
Домбырама қоншы кеп көңлід ырғақ,
Көрген түсім барады өңімді ұрлап.
Күн мен түндей келетін кезекпенен,
Өмір жұмбақ, құпия, өлім жұмбақ.
Ауырлаймын...
қонғандай басыма бұлт,
Үмітімді арманға ашына ғып
Құрай алмай жүрмін мен әр белеске –
Өмірімнің әр сәтін шашып алып.
Шөлдеп келіп, өмірге шөлдеп өтем,
Шөлдеп жүріп, болмаспын көлге мекен.
Көп жұмбағын дүниенің шеше алмастан,
“Бір жұмбаққа” айналып мен де кетем...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкжиекке күн батты байып қарап

  • 0
  • 0

Көкжиекке күн батты байып қарап,
Алтын шашын аспанға шайып тарап.
Гүл көбелек ұша алмай жолда жатыр,
Жапырақтай дәрменсіз жайып қанат...

Толық

Жас ақынға жауап

  • 0
  • 0

Ақын әпке, жанға жақын жырларың,
Сендей болар кеуде соққан бір дарын.
Өзгелерге насихаттап өзіңді,
Неге үй алып, астанада тұрмадың?..

Толық

Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық

  • 0
  • 0

Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық,
Шерімізді іштегі тарқаталық,
Қолыма күн қондырып, айдан сырға,
Жұлдыздардан мойныма алқа тағып.

Толық

Қарап көріңіз