Өлең, жыр, ақындар

Аяғы сынған көгершінге қарап...

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 325
Көрмегенге әрі ертегі, әрі аңыз,
Көк көгершін тағдырыңды аядым.
Бір көшемен қатар ақсап барамыз,
Мен сияқты... сенің де оң аяғың...
Сұрамаймын, сен де менен сұрама,
Мазаласын ой көңілге келіп көп.
Ақсап бара жатқан жоқпыз сірә да,
Бірімізге біріміз жай еліктеп.
Сүйегендей сеніменен мені үміт,
Жарық дүние арман отын жағардай.
Ойда жоқта өз тобыңнан бөлініп,
Қалдың жалғыз қанатыңды қаға алмай.
Көгершінім, қимай ұзап барамын,
Емін тапсам, сендегі бар жараның.
«Не болған», - деп аяғыңа қарадым,
Не болған, - деп аяғыма қарадың...
Тіршілікті тербегендей ояу үн,
Бәз - баяғы жоғалтпай өз бояуын.
Көгершінім, аяп саған қарадым,
Ақсатқандай арман күнім аяғын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тіршіліктің сияқтанып жүрегі

  • 0
  • 0

Тіршіліктің сияқтанып жүрегі,
Күн нұрымен жүз құбылып реңі.
Күзгі желмен ұшпай, жерге ілініп,
Жалғыз жапырақ тал басында тұр еді.

Толық

Дүлдүл трұяқ кеудемдегі дүсірден

  • 0
  • 0

Дүлдүл трұяқ кеудемдегі дүсірден,
Кеңдік тауып, кешіремін де ішімнен.
Адамдарды келеді сүйгім құшақтап,
Тегі туыс, адам болғаны үшін мен...

Толық

Жетісу

  • 0
  • 0

Жетісу – менің тұрағым,
Жетісу – менің өз анам.
Айтылмай жүрген бір әнім,
Алдыңда жырмен сөз алам.

Толық

Қарап көріңіз