Өлең, жыр, ақындар

Мұз үстіндегі ой

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 230
Беті жылтыр айнадайын теп-тегіс,
Жатыр өзен табанымның астында.
Қамықпа сен көктем келіп өтсе қыс,
Айланарсың бөгеу бермес тасқынға!

Топ балалар сырғанақтап ойнайды,
Мен де өттім ары-бері ерте кеш,
Бірақ суың өр тасқынын қоймайды,
Қатал қыспен қымбатыңды өлшемес.

Жалтыр мұздың бергі беті тыныштық,
Арғы беті асау толқын тулайды.
Ішке бүгіп бар сырымды жүрсем де,
Балапан жыр босатшы деп шулайды.

Тұр жас қайың жапырағы тоналған,
Көктем келер ол да бүрлеп жайқалар.
Жер бетінен табылмайтын сұлулық,
Сонда сенің өн-бойыңнан байқалар.

Су салармын тұнығыңнан шашыма,
Дәл осылай тербелермін тағы мен.
Бірақ ешкім дей алмайды жасыма,
«Бір кездері тынып іштей ағып ең…»

Беті жылтыр айнадайын теп-тегіс,
Жатыр өзен табанымның астында.
Қамықпа сен көктем келіп өтсе қыс,
Айланарсың бөгеу бермес тасқынға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құмдағы мұң

  • 0
  • 0

Қалшы меннен еріп алмай ерке мұң,
Тарттым алға тағдырымның желкенін.
Қарайлайсың келе ме әлде таныс жан,
Өткен шақтың елесімен өртедің.

Толық

Ақ жайық

  • 0
  • 0

Ақ жайық, ерке жайық, арман жайық,
Қанаты ұшқан құстың талған жайық.
Қыз жібек айна етіп дидарына,
Шідерін ақ боз аттың алған жайық.

Толық

Каспимен сырласу

  • 0
  • 0

Каспи сені қаншама жыл аңсадым,
Бүрін сиға тартайыншы аршаның.
Көлдің шеті секілденіп көрінген,
Көлшіктерден сағым іздеп шаршадым!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер