Өлең, жыр, ақындар

Құмдағы мұң

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 371
Қалшы меннен еріп алмай ерке мұң,
Тарттым алға тағдырымның желкенін.
Қарайлайсың келе ме әлде таныс жан,
Өткен шақтың елесімен өртедің.

Күн де ыстық, құм да ыстық, түн ыстық,
Көк аспаннан күзетіп тұр тыныштық.
Сенің бейнең оралды ойға тым ыстық,
Бәрі бәрін ұмытуға тырыстық….

Күйдірген күн, өртеген құм, тымық түн,
Кешіріңдер бәрі бәрін ұмыттым.
Ертеректе сол бір жанның көзінен,
Жүрегіме түсіп кеткен бір ұшқын….

Құм отынан тән азабы жеңілде,
Күн отынан тотығыпты өңім де.
Түннің оты шықтым сенде ұйықтамай,
Елес оты маза берші өңім бе?!

Бүктетіліп жатып қалған дөңестер,
Қош болыңдар айтылды сан кеңестер.
Мені сонша құм отынан қызғанған,
Қолын бұлғап қала берді елестер….

…………………………………………………………

Қабарласып қалады деп бүгін сен,
Өзіме өзім бал аштым.
Жүрегіме барар жолды білуші ең,
Қайсы маңнан адастың?

Сені күтіп өткізуге пейіл ем,
Қарашаның ақ таңын.
Жол ортадан шақырды ма бір дауыс,
Қайсы маңда тоқтадың?

Әлі талай ән салармыз бірдікте,
Салмайыншы байбалам.
Жапсам ба екен бәрін күйбің тірлікке,
Қос қолыңды байлаған.

Бір әнің ем деген жоқпын бітпеймін,
Таусылды ән, таң атты,
Кешірерсің бұдан ары күтпеймін,
Мен де өмірге қонақпын…..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таңғы көкек дауысы

  • 0
  • 0

«Ән салып жүрсем болды, жетед» деген,
Қарамай шаранаға секектеген,
Сол құсты қадірледі не себепті,
Жайлау бар туған жерде Көкек деген.

Толық

Сағыныш болып кетерсің

  • 0
  • 0

Шаршаған кешкі көшемен,
Бозарып жалғыз келемін.
Осы бір көше, осы өзен,
Елесін күннің көремін.

Толық

Мұңдарға бейім жүрегім

  • 0
  • 0

Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?

Толық

Қарап көріңіз