Өлең, жыр, ақындар

Каспимен сырласу

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 269
Каспи сені қаншама жыл аңсадым,
Бүрін сиға тартайыншы аршаның.
Көлдің шеті секілденіп көрінген,
Көлшіктерден сағым іздеп шаршадым!

Қоңыр самал қытықтайтын мойнымнан,
Елес болып артта қалды той-думан.
Кеткенннен соң өр алтаймен қоштасып,
Қолқам түсіп қалғандай боп қойнымнан.

Таң сәріде тереземнен күн күлген,
Шақтарымды бақытым деп жүрдім мен.
Алтай менен алатауға тоқтамай,
Саған келіп бататынын кім білген?!

Толқыныңнан тұрақ тапса ән-жырым,
Кермек суға кірпігімнен тамды мұң.
Жағаңдағы жел тербеген қайықтай,
Қалт-құлт еткен менің дағы тағдырым.

Ойларымдай өз-өзімен күресіп,
Жатыр толқын, жып-жылы леп тұр есіп.
Аяқ бауын үзе ұшқан ақ сезім,
Кете барды сағымыңа ілесіп.

Мұқиттан да сенің нарқың бағалы,
Аққу біткен саған қанат қағады.
Даласы мен пейілі кең қазаққа,
Көп теңіздің қажеті де шамалы.

Саған қарап шаршаған жан көз ілсін,
Тамшылардан теңіз болған төзімсің.
Еңсемді ең бійік ұситар мекенім,
Бір мен үшін жердің шеті өзіңсің!…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұңдарға бейім жүрегім

  • 0
  • 0

Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?

Толық

Астанам

  • 0
  • 0

Есімің жатқа күйік болғаны үшін,
Бәйтерегіңнің биік болғаны үшін.
Табанға бізді таптағысы келген,
Зұлымның жолы тұйық болғаны үшін,

Толық

Қара көлік

  • 0
  • 0

Беймезгілде қай сезімге еліттім,
Сыйластық пен қимастық бір деп ұқтым.
Елеңдеймін қара көлік зу етсе,
Түсі қара сіз мінетін көліктің.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер