Өлең, жыр, ақындар

Шие ағашы және мен

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 188
Ақ ұлпа гүлдер ең, жап-жаңа бүрлеген,
Желдерден қорғай алмадым.
Үлбіреп ақ сезім кеудеме кірген ең,
Өзіңе пана болмадым.

Мұңайма бірақ сен гүлдер төгілгенмен,
Моншаққа қойның толады.
Ақ сезім ұшқан соң қалары тек менде,
Сарғайған жүрек жаралы.

Тұрады бірақ та сенің әлемің,
Қып-қызыл, аппақ түстерден.
Бітпейтің керуен сағыныштармен,
Күмбірге толы құс кеудем.

Айналып сені де күтеді иең,
Жапырағыңды бақылап.
Ұната тұра сезімді үркіткен,
Бір жанды білем ақымақ.

Оралмайды енді ақ сезім қайта,
Мың жерден кінә тақтың не?
Мамырда ашылған гүлдің еркесі,
Айналғым келді ақ гүлге…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қия алмай...

  • 0
  • 0

Қия алмай зорға қаласың дағы,
Аласың көзден мұң ұрлап.
Екі кездесу арасындағы,
Үзіліс неге тым ұзақ?

Толық

Сол шыршаның түбінде

  • 0
  • 0

Ыстық сәлем аитқалы келе жатқан күндерге,
Жаңа жылды тойладым толды құшақ гүлдерге.
Жастайынан кесілген топ ішінде шырша тұр,
Қаяу салып көңілге неге келдім бұл жерге?!

Толық

Жасырамын сөзімді

  • 0
  • 0

Болсам ба екен, жаныңның құрбандығы,
Көркін ашып бағыңның тұрған гүлі.
Саған айтқан сөздерім, жазған жырым,
Айтылмаған сөзімнің мыңнан бірі.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер