Өлең, жыр, ақындар

Қия алмай...

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 225
Қия алмай зорға қаласың дағы,
Аласың көзден мұң ұрлап.
Екі кездесу арасындағы,
Үзіліс неге тым ұзақ?

Екі кездесу арасындағы,
Болмайды бостық тым тыныш.
Қызғаныш, күдік, өкпе, реніш,
Сағыныш, алаң, күрсініс.

Жаңбырдың жыры, орманның биі,
Боранның күйі-ұққаным.
Қалыпқа ойым сыймағанменен,
Қалыптан бірақ шықпадым.

Талдырды мұңым, талшық етіп ем,
Өткен күндердің елесін.
Басқалар неткен бақытты еді,
Өзіңді күнде көретін.

Сұқ саусақтарым мүйізгек болды,
Есігін қағып бақыттың.
Жолықпай мүмкін кетерміз біздер,
Қанжығасында уақыттың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағдырға тілек

  • 0
  • 0

Жырым ғой тәтті мендегі нәзік сезімдер,
Болғанмен нәзік таусылған емес төзімдер.
От жырым қалсын жалынды жастық кезімнен,
Ей тағдыр маған сезімнің ғана өзін бер!

Толық

Екі жерде

  • 0
  • 0

Екі жерде біздер өмір сүріппіз,
Екі жерде екі тілді біліппіз.
Қызыл сызық бөлгенімен араны,
Бір ауамен тыныс алып жүріппіз.

Толық

Қаралы күн

  • 0
  • 0

Алатаудың ақ бас шыңы кетті бүгін қартайып,
Ұясынан шықпай күн де жатып алды жантайып.
Жердің шетін қорғайтұғын, желдің өтін тосатын,
Қорғанынан көз жазды ел тұратұғын қалқайып.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер