Өлең, жыр, ақындар

Жасырамын сөзімді

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 530
Болсам ба екен, жаныңның құрбандығы,
Көркін ашып бағыңның тұрған гүлі.
Саған айтқан сөздерім, жазған жырым,
Айтылмаған сөзімнің мыңнан бірі.

Ұмытам деп өзімді әуре етіппін,
Көргеніме аман-сау, тәубе етіппін.
Мына өмірге мені іздеп келгеніңмен,
Адастың-ау, қатейін, сәл кешіктің.

Жаным қылдай болады, кетем десең,
Кетерің бар, кезіктің бекерге сен.
Сенеді екем, сен түнді күндіз десең,
Нанады екем, өмірді шекер десең!

Осы екен ғой, бір болар той дегенің!
Ұстатпайды, шарықтап ой дегенің,
Не айтқаның, маңызды емес,бірақ,
Маған қарап, керегі сөйлегенің.

Керек емес, ешкімді шақырмағын,
Тыңдамаймын біреудің ақылдарын.
Мына әлемнің елеусіз нүктесінде,
Керегі тек, жанымда отырғаның.

Жаралғансың сезіммен тербетуге,
Қозғамашы!
Құлқым жоқ ержетуге,
Жасырамын сөзімді, естір болсаң,
Бір өзгеріс болардай жер бетінде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мейірім нұры

  • 0
  • 0

Мейірім нұры мазасын алып,
Көбесі мұңның сөгілді.
Таңдайға тағы тәтті жыр келіп,
Тісімнен маржан төгілді.

Толық

Сары қурай

  • 0
  • 0

Сары қурай сыбызғы кесіп алма,
Сағынба да сен мені, есіңе алма.
Өкінгенмен не пайда,өтеді өмір,
Іздеп келе алмаса есі барда.

Толық

Сөкпе мені

  • 0
  • 0

Қан көшеде жолықсаң қарсы маған,
Көрмегенсіп өтемін бұрылмаймын.
Қайсар жанға айналам сонда ғажап,
Ғайып болып кетеді мұңым қайғым.

Толық

Қарап көріңіз