Өлең, жыр, ақындар

Еркіндік

Армандауды үйреніңдер арман қылып жүруді,
Арман қылып ,армандардың арасында сүруді
Армандаңдар ,арман атты кеме жасап арманнан
"Ақ арман" деп атау беріп айқай сала күлуді

Қиялдаңдар ,қиял қуып қыр асыңдар қырқадан
Қиял қылып жүгіріңдер болса болсын кір табан.
Қиялдаңдар,қиял жетсін сіз жетпеген жерлерге
Болсын мейлі ішің тола қиял бірақ сырты адам.

Күлімдеңдер күлу тегін оны ешкім тыймайды
Күлімдеңдер күлкі болса сізге бақыт сыйлайды
Күлімдеңдер түнерседе жалпақ жарты ғаламда
Күлімдеңдер шегінер сәл ,артқа бәлкім мұң қайғы

Түнермеңдер түнергенмен сіз жеңіске жетпессіз
Түнергендер арасында ешкімді дос етпессіз
Түнермеңдер түнге ұқсап қоюланып қалмаңыз
Түнергендер арасынан оңай шығып кетпессіз

Раушангүлдер арасынан тікен жинап көріңіз
Раушангүлдер тікенімен әсем ,ұқтық оны біз
Тікен -тікен болса қанша өткір ұшты сабағы
Әсем болар қауашағы ,қауашықтай болыңыз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз