Өлең, жыр, ақындар

Көлбастау

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 589
Бозала таңның сығалағанда сәулесi,
Осы ауылдың басталар тiрлiк әуресi.
Бейнетке батып, зейнетiн тамсап жатса, да,
Дәл одан асқан қасиеттi мекен бар дешi!
Қылықты қыздар, жанары жанған от ұлдар,
Сендермен менiң мақтануға зор хақым бар.
Тұнық мейiр бар аналарымның жүзiнде,
Ақсақалдардың әжiмiнде де ақыл бар.
Тiрлiктiң кейде салмағы батып, жүдетсе,
Ауылға тартам ұясын тапқан түлекше.
Осы мекенде ұйыған керiм бiрлiк бар,
Қалқа бар қорғар маңдайдан күйiп күн өтсе.
Осы ауыл – менiң аяқталмайтын ертегiм,
Нұрлы үмiтпенен елестететiн ертеңiн.
Аппақ көңiлмен ардақтайтұғын асылын,
Қабағымен-ақ тиятын телi-тентегiн.
Замана желi соқса да кейде дауылдай,
Осы ауылдың ниетi тұрар тарылмай.
Қуаныш болса, жар салып күллi әлемге,
Көтере бiлер қайғыны қара нарыңдай.
Өлшеусiз татып сендегi ырыс шекерiн,
Оралып соғып, алыстап тағы кетемiн.
Қайда жүрсем де жылытар кеуде тұсымды,
Сенсiң, ауылым – қасиеттi менiң мекенiм!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асық

  • 0
  • 0

Сағынып, сыздап жүр кеудем,
Елес жоқ бала күндерден...
– Ойнайық омпы, үштапан!
– Шеңбер сыз, қане!

Толық

Бiр сәттiк қана торығу

  • 0
  • 0

Мәнiс кеттi.
Тiрлiктен мәнiс кеттi,
Мен аңсаған керемет алыс кеттi.
Бiрде қырға, бiрде ойға домалайды,

Толық

Мамыр бiттi

  • 0
  • 0

Мамыр бiттi,
маусым келдi.
Сезiлмейдi ақ таңнан сыз.
Мен естиiн даусыңды ендi,

Толық

Қарап көріңіз