Өлең, жыр, ақындар

Бiр сәттiк қана торығу

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 307
Мәнiс кеттi.
Тiрлiктен мәнiс кеттi,
Мен аңсаған керемет алыс кеттi.
Бiрде қырға, бiрде ойға домалайды,
Менiң басым доп iспеттi.
Орындалмай жоспарым, ойлағаным,
Жiңiшкердiм,
күнде жүз қайраламын.
Бiр сәт әйтеу қояды алдандырып,
Қиялыммен ойнағаным.
Терiс тартып тiрлiгiм орамалын,
Киiп алған көзiне томаға күн.
Жалғыз жүрiп алыстап барлығынан,
Жалғыз жүрiп ораламын.
Сөйтсем-дағы жақсыдан үмiттiмiн,
Тек әзiрше бағымда сынық гүлiм.
Тәттi мұңға шомылып өтсiн мейлi,
Менiң жалын жiгiт күнiм.
Мың ойланып, берсе егер бiреу сыртын,
Тәлтiректеп, баса алмай жүр ем, шiркiн...
Кейiн осы мазасыз күндерiме
Аянышпен күлем, мүмкiн...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмiрдi сүю

  • 0
  • 0

«Құшсам» деген ғажап, үлде-бүлде нұр,
Көкiрегiмде баяғы арман бiрге жүр.
Қапылыста қағып қалды қылтамнан,
Қиқаң ете қалып едiм...

Толық

Әркімге ыстық өзінің шеккен мұңы

  • 0
  • 0

Әркімге ыстық өзінің шеккен мұңы,
Тағдырының қаталдық, өктемдігі.
Жанталасып, жарыққа ұмтылғанмен,
Мына өмірдің қызығы беп-белгілі.

Толық

Бүгiн ай туды...

  • 0
  • 0

Бүгiн ай туды...
Қиық ай.
Бетiне сәуле де тұрақтай алмай.
Жайлы ай боларсың-ақ талайға...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар