Өлең, жыр, ақындар

Асық

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Сағынып, сыздап жүр кеудем,
Елес жоқ бала күндерден...
– Ойнайық омпы, үштапан!
– Шеңбер сыз, қане!
– Кiм мерген?
– Ал, иiр, иiр сақаңды!
– Алшы тұр, күнiң тақалды!
– Сен қарау баспа, әйтпесе,
Шақырып келем атамды.
– Жылатпа сараң неменi,
Ыңырси қалу – өнерi...
– Кел, сақа айырбастайық!
– Құлжа ғой маған керегi.
– Өлiктен асық жиятын,
Ұятың жоқ қой, ұятың!..
– Ұта алмай жүрмiн, сақама,
Қорғасын бар ма құятын?
...Сақаны сайлап, шымыр ғып,
Сөреден көздеп... жүгiрдiк.
Сәл кейiн өмiр жолына,
Бiз де асық болып тiгiлдiк.
Орнымыз мүлде өзгерiп,
Сыналар сәтке кез келiп,
Тағдырдың өткiр көзiмен,
Көзделiп тұрмыз, көзделiп.
Елес жоқ өткен күндерден,
Шеңберде тұрмыз түрленген.
– Жанай кеп тиiп, жығылтпа,
О, тағдыр-еке, сұрмерген!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ығы-жығы көліктер

  • 0
  • 0

Ығы-жығы көліктер,
Ығы-жығы адамдар.
Басылмаған желіктер,
Жасалмаған қадамдар.

Толық

Мен дей бер

  • 0
  • 0

Жалығып әбден жүрiстен мынау қаптаған,
Жантая түсiп, жатқанда тынып от-қалам.
Аялдамада тұрса егер бiреу қарамай,
Автобустарға ыңырсып келiп тоқтаған...

Толық

Өмірге мынау жай келмей, тамсана келгін

  • 0
  • 0

Өмірге мынау жай келмей, тамсана келгін,
Байыз таппайды-ау бақытты аңсаған көңлің.
Ерлігі дұрыс бағасын ала алмай, бекер,
Қалды екен сайда қу басы қаншама ердің...

Толық

Қарап көріңіз